[06.08.2009.] ДІНИ КУРСҚА СЕКСЕННЕН АСҚАН ӘЖЕ ДЕ КЕЛІП ЖҮР - 6 Августа 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Бейсенбі, 24.Мамыр.2012, 15:12
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 2179
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 6 » [06.08.2009.] ДІНИ КУРСҚА СЕКСЕННЕН АСҚАН ӘЖЕ ДЕ КЕЛІП ЖҮР


[06.08.2009.] ДІНИ КУРСҚА СЕКСЕННЕН АСҚАН ӘЖЕ ДЕ КЕЛІП ЖҮР
17:58
nullҚМДБ-ның бастамасымен жүзеге асып жатқан бірқатар игі-шаралар бүгінде тұрақты жалғасын тауып келеді. Соның бірі - діни сауат ашу курстары дер едік. Мүфтиат тарапынан қолға алынған мұндай игі істер еліміздің жер-жердегі мешіттерде дәстүрге айналуда. Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан «Орбита-3» мешітінің жанынан арнайы ашылған діни сауат ашу курсы да өз жұмысын жан-жақты жандандырып келеді. Жүргізіліп келе жатқан сабақтарға жазылған шәкірттердің саны күн санап артуы, көңіл қуантады. Бүгінде мешітімізден жеті жастағы жасы былай тұрсын, жетпіс жастағы жасамысы да діни сауатын ашып жатқандар да баршылық. «Тал бесіктен - жер бесікке дейін ілім іздеңдер»,- деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисіне тағы бір айғақ ретінде сексеннің сеңгірінен асқан Бәшкен әже де «қартайдым-ау» демей, білім іздеп жатқаны, өзгеге үлкен үлгі боларлық жайт. Жоғары оқу орындарында тәлім алып жатқан студенттер де оқу курсына арнайы келіп, діни білімдерін жетілдіруде. Мешітінің бас имамы Асан Әбдіқұлұлының жетекшілігімен жүргізіліп келе жатқан дәрістер жүйелі түрде берілуде. Ал, жазғы демалыстың әр айына мектеп оқушыларына арнайы бағдарлама жасалған. Құран әліппесі, әдеп, дұғалар, пайғамбарлар өмірі бойынша дәрістер жүргізіліп жатыр. Балаларға әр жұма сайын Исламның ғажайып құндылықтарын паш ететін бейнефильмдерді көрсету де діни сауат ашу курсының оқу жоспарына енгізілген. Маусым айында мешітіміздің жанынан білім алуға жазылған балалардың бір тобы білім алды. Ал, шілде айында дәріс алып жатқан мектеп оқушыларының саны 40-тан асып жығылады. Жалпы, мұнда саны жүзге жуық шәкірт білім алуда.
«Орбита» мешітінің баспасөз қызметі. http://www.muftyat.kz/

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары. | Көрілді: 1103 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 0
Бүгін: 0