[07.08.2009.] ҚҰРАНДЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ АҚЫН - 7 Августа 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 21:45
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 735
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 7 » [07.08.2009.] ҚҰРАНДЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ АҚЫН


[07.08.2009.] ҚҰРАНДЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ АҚЫН
12:37
Орыстың аса көрнекті, әлемнің ұлы ақыны А.С.Пушкин: «Жетімді, Құранды сүй және оны барша жұртқа түсіндір!» - деп өсиет қалдырған. Ол бүкіл адамзатқа таспих пен қылыш арқылы ант ете отырып «Құранды сүй!» деп бұйырған. Құран ғана бар жаратылыстың қайнар көзі деп білген.
Ақын неге осыншалықты Ислам әлеміне құмар болды? Неге Құранға ғашық?
Оны былай түсіндірсек болады. Солтүстік Кавказ, Қырым және Араб түбегі елдеріне жасаған ұзақ жолғы саяхатында, орыстың ғұламасы ол жерлердегі халықтың мәдениетіне ерекше ынтық болып, Құран әуеніне елігіп, мұсылмандар өміріне шынайы ғашық болады. Ол сол жерлерде жүріп «Кавказ тұтқыны» және «Бақшасарай субұрқағы» деп аталатын шығармаларын дүниеге әкеледі.
Ақынның Шығысқа деген махаббаты, оны Ислам әлемімен жақындастырды, Мұхамед (с.ғ.с) пайғамбарға, оның нұрлы сөздері – хадистерінен нәр алуға итермеледі. Сондықтан «А.Пушкиннің бүкіл поэзиясы әлемдік үйлесімділіктің шашылған үзіктері» (Д.Мережковский) деген атқа ие болды. Оның күллі шығармасы орыс әдебиетінің жаңа сатысын, ренессансын қалыптастырды.
Ақын «Бақшасарай субұрқағы» атты еңбегін жазбас бұрын, оған алғысөз ретінде Шығыстың (парсының) ұлы ойшылы Саид Сағдидің мына бір сөзін келтірді: «Мына мен сияқты, басқа адамдар да осы субұрқақты тамашалайтын. Ол адамдар қазір жоқ, ал субұрқақ әлі бар».
А.С.Пушкин орыс ақыны Денис Давыдовқа жазған бір хатында, Шығыс әлемі Пушкиндік өмірдің жаңа бір белесінің шымылдығын ашқандығын айтады. Тіпті ақынды өз замандастары араб атасы Ганнибалдың ұрпағы екендігін алға тартып, «Мұхамедтің үмбеті» деп те атаған. Ал кейбір достары оның бұл ісін хош көрмей, кейін қайтуын талап еткен.
Ақын шешен мұсылман халықтары өмірін зерттеп-зерделей келе «Кавказ тұтқыны» атты өз еңбегін жазып қалдырды. Ол осы еңбегінде олардың «Шешен қамсыз өзен жағасында келеді» деген ескертпе мәтелін қолдану арқылы өмірдің осыншалық қауіпті екендігін жырлайды. Қай сәтте болмасын қамсыз жүріс бір пәлеге ұрындыратынын сөз етеді.
Кавказдықтар үшін М. Лермонтов пен Л.Толстойдың еңбектері – үлкен күрескерлік рухқа тәрбиелейтін ұлы шығармалар. Оларша екі ғұлама да екітүрлі формада Пушкиннің ойларын қостап, дамытып қана берді. Ақын бір сөзінде: «Өмірбақи қару асынып өмір сүру мүмкін емес. Қорқу, үрку, бұларға тек тосқауыл қойылуы керек. Бірақ өз уақыты келгенде біз әлі әділ де ынтымақтастықта өмір сүреміз», - деді. Оның айтқаны келді, Аллаға шүкір, өміріміз тыныш жалғасып жатыр.
А.С.Пушкин әр шығармасында Ислам принциптеріне сәйкес нәрселерді ғана атап көрсетеді. Ақынның өлеңдерінен өмірге деген шынайы құштарлықты сезінеміз. Өйткені ол қай шығармасында болмасын Алланы танып, бойымызға күшті имани қасиетімізді дарыта білгенде ғана жүрегіміздің мәңгі тыныштықта өмір сүретіндігін түсіндіреді. Ақын «Құранға еліктеу» атты өлеңінде (аударған Қуандық Шаңғытбаев):
Ант етем тақ сан, жұп санмен,
Ант етем Шолпан қылышпен.
Ант етем кешкі құтпанмен,
Ант етем жиһад ұрыспен.

Тастады деме далаға,
Кім еді сені кіргізген.
Жан тыныш сая-панаға,
Құтқарған қуғын-сүргіннен, - деп Құранмен ғана ант ете білген сертіне берік ақын екендігін дәлелдеп берді.
Пушкинтанушы ғалым В.Филоненконың айтуы бойынша «ақын Ислам діні жайында қалам тербеу арқылы өзіне керекті дүниетанымы мен философиялық өмір толғаныстарына және басқа да көптеген сауалдарға Қасиетті Құраннан ғана тиісті жауап ала алғанын айтады:
Мен емей, кім ол шөліңді,
Жаһанда сумен қандырған?
Мен емей кім ол сөзіңді,
Тыңдатып жұртты нандырған?

Ақ жолға түзеп бетіңді,
Абай бол жалған-жауызға.
Мүсірке сүйіп жетімді,
Құранды көпке уағызда.
Ақын Қуандық Шаңғытбаев аударған Пушкиннің осы бір өлеңінде қаншама мән жатыр десеңші?! Ұлы ойшыл: «Өмірдің бар шынайы мән-мағынасы тек Құранда ғана анық баяндалған. Поэтикалық сипатта бейнеленген керемет ұлы дүние – Құран», - дейді және осы сөзін ол өлеңімен растай түседі:
С небесной книги список дан,
Тебе, пророк, не для строптивых;
Спокойно возвещай Коран,
Не понуждая нечестивых!
Сондықтан ұлы ақынға Н.Чернышевский: «Пушкиннің Исламдық бағыттағы өлеңдері бай тіліміздің одан сайын жаңғыра түсуіне өз үлесін тигізді», - деп ұлы баға берді.
Қазақта дана Абай, орыста Пушкин ұлықтаған Ұлы кітап – Құран «Алланың қасиетті сөзі» ретінде ешқашанда ұлы құнын жоймасы анық. Өйткені, ұлылар қолдаған Құран қашанда Ұлы.

Серікбол Хасан
Атырау облысы, Құрманғазы ауданында дүниеге келген
«Шапағат-Нұр» исламтану журналының қызметкері

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 2382 | Ендірген: Kattani_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0