Сауд Арабиясының үкіметтік комитеті Мәдина қаласындағы жеті көне мешітті жабу туралы шешім қабылдады. Күрделі жөндеулерден кейін олар тарихи мұражайға айналдырылады. Мәдина қаласы басшы-сының сөзіне сілтеме жасаған саудиялық «Укказ» газеті әлемнің әр түкпірінен қажылыққа келетіндер жыл сайын тамашалайтын тарихи мешіттерді жабу жобасын елдің әртүрлі министрлік өкілдері әзірлегендігін атап өтті.
Мұражайға айналдырылмақ мешіттердің қатарында һижра жыл санауы бойынша бірінші мыңжылдықтың соңында Омар Бен Абдел Әзиздің Мәдинаны басқарған кезінде салынған «Әл-Фатах» мешіті, сонымен қатар, Салман Әл-Фариси, Әбу Бәкір Ас-Сыддық, Омар Бен Әл Хаттаб, Әли Бен Аби Талиб, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) қызы Фатима атындағы және Әл-Ақса мешіті де бар. Араб тіліндегі нұсқасы мұнда...
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.