[08.08.2009] ШАРИҒАТ СОТТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ АРТА ТҮСУДЕ
15:29
Британдық «Times» газетінің кезекті нөмірінде мұсылман емес ел тұрғындарының кейінгі кездері шариғат соттарына көбірек жүгіне бастағандығы туралы мақала жарияланды. Адамдар көбінесе коммерциялық және жеке қарым-қатынас барысындағы кикілжіңдерді шешу мақсатында шариғат талаптары негізінде жұмыс істейтін соттарға келеді екен. Бүгінгі күндері мұсылман соттары қарап жатқан істердің 5 пайызы мұсылман еместердің мәселелеріне тиесілі. Ислам дінін ұстанбайтын адамдардың пікірінше, дәстүрлі құқықтық соттарға жүгіну - көп уақытты алады және ол өте күрделі үрдіс. Ұлыбритания шариғат соттары кеңесінің төрағасы, Еуропалық пәтуалар мен зерттеулер жөніндегі кеңестің мүшесі Сухейб Хасанның сөзінше, қазіргі Британ қоғамында шариғат құқы негізінде оңай шешілетін проблемалар қатары өте көп. «Қаншама ел азаматтары әртүрлі кикілжіңдерге тап болып, соттарға жүгінуге мәжбүр. Мұндай жағдайлар, әсіресе, қаржы мәселесі мен тұрмыс-тіршілік барысында көптеп кездеседі. Осы қақтығыстардың салдарынан күн сайын Ұлыбританияда қаншама адамдардың қайтыс болып жатқанын ұмытпауымыз керек. Біз мұндай тауқыметтердің азаюына атсалысып жатыр-мыз»,- дейді шейх Сахиб. Үстіміздегі жылы Біріккен Корольдіктегі шариғат сотта-рының санын үш есеге көбейту жоспарлануда. http://muftyat.kz
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.