[08.08.2009] ЖҮРГІЗУШІ ҚҰЖАТЫНА ХИДЖАБПЕН СУРЕТКЕ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ
15:30
РФ ІІМ-нің «Жүргізуші куәлігін қолданысқа енгізу туралы» жаңа заңында көпұлтты Ресей халқының діни ерекшеліктері де назардан тыс қалмаған. 2011 жылдың 1 наурыз күнінен бастап берілетін жаңа жүргізуші куәлігіне діни талаптарға сәйкес бетті жаппайтындай бас киіммен суретке түсуге рұқсат етіліп отыр. Сонымен қатар, хиджаб киетін мұсылман қыздары да орамалын шешпестен жүргізуші куәлігіне суретке түсе алады. Жаңа куәліктер бұрынғыдан өзгешелеу болатын көрінеді. Оған жүргізуші туралы толық ақпарат салынған штрих-код енгізілмек. Бұл - жалған куәлік жасаудың алдын алады. http://muftyat.kz
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.