[08.08.2009.] Мектеп оқушылары дін ілімдерін оқитын болады
16:45
Міндетті факультативті сабақ ретінде орта білім бағдарламасына жаңа пән қосылды. Білім және ғылым министрлігінің ұйғарымымен дінтану сабағы мектептерде жаңа оқу жылынан бастап өткізіледі. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрлігінің ресми өкілдері баспасөз мәслихатында мәлім етті. «Мақсатымыз- өскелең ұрпаққа түрлі діндер мен конфессиялардың тарихын насихаттап, бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстыру» деді ведомствоның орта білім департаменті директорының міндетін атқарушы Нұрғали Аршабеков. Жаңа пән жоғарғы сыныптарда, яғни 10 мен 11-ші сыныптарда өтетін болады. Сабақты тарих, мәдениеттану пәндерінің мұғалімдері жүргізеді. Ұстаздардың өздері біліктілікті жетілдіру курстарында қайта даярлаудан өткен. Мектеп бағдарламасына жетілдіру жұмысының қолға алынғанына бар-жоғы жарты жылдан астам уақыт өткен. Осы себепті де, дінтану пәніне қажет әзірге оқулықтар мен әдістемелік кітаптар дайын емес, дейді министрлік өкілдері.
Нұрғали Аршабеков, ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім департаменті директорының міндетін атқарушы Діннің тарихы мен мәдениеті танстыру. Ол кәдімгі білім саласы, қалдырып кетіп, балаларды қараңғы қалдыруға болмайды. Сырттан білгенше, өзіміз, қайта, айтып жеткізуіміз керек балаларға.
Ал, бастауыш сыныбының балалары осы бастан қаржылық-экономикалық сауаттылықтарын ашатын болады. Білім және ғылым министрлігінің тағы бір жаңалығы-бастауыш сыныптарда қаржыны тиімді жаратуды үйрететін сабақ өткізбек. Бұл пән де жаңа оқу жылынан бастап енгізіледі. Сондай-ақ, бұрын мектеп тәжірибесінде кеңінен пайдаланылған көлік жүргізушілерінің курстары жандандырылады. "Қазақстан РТРК"
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.