[10.08.2009.] ШОШҚА ТҰМАУЫ ҚАЖЫЛЫҚҚА КЕДЕРГI БОЛУЫ МҮМКIН - 10 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 06:05
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 809
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 10 » [10.08.2009.] ШОШҚА ТҰМАУЫ ҚАЖЫЛЫҚҚА КЕДЕРГI БОЛУЫ МҮМКIН


[10.08.2009.] ШОШҚА ТҰМАУЫ ҚАЖЫЛЫҚҚА КЕДЕРГI БОЛУЫ МҮМКIН
06:01
nullҚасиеттi Ораза айы да жақын. Оның ар жағында Бiлiм күнi... Кейбiр мәлiметтер бойынша, шошқа тұмауы күз айында қозуы мүмкiн. Сондықтан Исламның беделдi рухани жетекшiлерiнiң бiрi аятолла Хуссейн Фадлалла: «Мекке мен Мединеге қажылық жасау кезiнде А (H1N1) тұмау вирусын жұқтырып аламын деп қауiптенген мұсылмандар биыл үйлерiнде қала алады» деген мәлiмдеме жасады. 
Дегенмен ол, қандай жағдай болмасын, бес парыздың бiрi — қажылықты толық орындамауға болмайтынын айтты. Шиит шейхы, “Хезболла” қозғалысының негiзiн қалаушылардың бiрi — Хуссейн Фадлалла өз денсаулықтарына алаңдап отырған мұсылман қауымының сауалдарына және Ливанның Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ресми сауалына жауап ретiнде осыны ескерттi. 
Ұлыбритания тiзiмi өсiп отырған ауруға барынша бейiм тұратын егде тартқан немесе кәмелетке толмаған, жүктiлiгi немесе денсаулығына байланысты жағдайларда мұсылман зияратшыларын Сауд Арабиясына саяхат жасаудан бас тартуға шақырған елдердiң қатарына қосылды. Британдық қажылар қауымдастығының мәлiмдемесiнде: “Кейiн өкiнбеу үшiн доңыз тұмауының алдын алыңыздар, өз қауiпсiздiктерiңiздi қамтамасыз етiңiздер және сапарға шығар алдында өз дәрiгерлерiңiзбен ақылдасыңыздар”, — делiнген.
Бұл ескерту Сауд Арабиясы дәрiгерлерiнiң Мекке мен Мединеге аттанатын барлық зияратшыларға сапарға шығардан екi апта бұрын маусымдық тұмаудан вакцина алу туралы ұсынысынан кейiн жасалды.
А/Н1N1 тұмауы бойынша эпидемиологиялық жағдай дүниежүзiнде, оның iшiнде Қазақстанда да орын алды. Елiмiздiң Денсаулық сақтау министрлiгi А/Н1N1 тұмауына байланысты мектептердiң уақытша жабылу мүмкiндiгi жоққа шығарылмайтынын жеткiздi. Ол үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ресми құжаты қабылданатын болады. Ел Үкiметi шошқа тұмауының таралуына қарсы алдын алу жұмыстарына тез арада кiрiсiп кетуiнiң нәтижесiнде екi күндiкте тұмауға қарсы карантин алынып та тасталды. Министр А/Н1N1 тұмау пандемиясынан республика халқын қорғау жөнiндегi жағдайдың Денсаулық сақтау министрлiгiнiң тұрақты бақылауында екенiн атап көрсеттi.
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ. Түркістан газеті.

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1171 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek, Manas_mumin

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Manas_mumin

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3565
Осы ай ішінде: 24
Осы апта ішінде: 8
Кеше: 2
Бүгін: 1