|
|
 | |  |
Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 10 » [10.08.2009.] Қазақстанда қоғамдық орындарда сыра ішкені үшін жаза жүктейтін заң күшіне енді
[10.08.2009.] Қазақстанда қоғамдық орындарда сыра ішкені үшін жаза жүктейтін заң күшіне енді | 06:19 | Қазақстанда қоғамдық орындарда сыра ішкені үшін жаза жүктейтін заң күшіне енді, деп хабарлайды "Kazakhstan Today" ҚР ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісінің орынбасары Ернұр Уәлиге сілтеме жасап. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336-шы бабына өзгеріс енгізіліп, онда "спиртті" деген сөз алкогольді сөзімен ауыстырылды. "Заңда бұрын "спирт iшiмдiктерi" деген сөз болса, енді ол "алкогольді ішімдіктер" деген сөзбен ауыстырылғандықтан, сыра да осы санатқа жататын болды",- деді Е.Уәли. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 2-бөлiмінің 336-бабында былай делінген: Алкогольді iшiмдiктерді iшу немесе қоғамдық орындарға мас күйiнде келу 1. Жергiлiктi атқарушы орган спирт iшiмдiктерiн құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольді iшiмдiктерiн iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiне әрi қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiретiндей мас күйiнде келу, - бір айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, спирт iшiмдiктерiн iшкенi немесе қоғамдық орынға мас күйiнде келгенi үшiн бiр жыл iшiнде екi рет әкiмшiлiк жаза қолданылған адамның жасаған iс-әрекеттерi, - айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал ерекше жағдайларда, егер iстiң мән-жайына орай және тәртiп бұзушының жеке басы ескерiле отырып, бұл шаралар жеткiлiксiз деп танылса, - он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады. Kazakhstan Today
|
|
|
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.
© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
|
|
|
|