[10.08.2009.] Дінтану пәні сабақ кестесіне енгізілмек - 10 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:54
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 1778
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 10 » [10.08.2009.] Дінтану пәні сабақ кестесіне енгізілмек


[10.08.2009.] Дінтану пәні сабақ кестесіне енгізілмек
06:01
nullДін туралы білімді мектеп партасынан бастап үйрету керек деген дінтанушылардың дабылы биліктің құлағына жеткен тәрізді. Биылғы оқу жылынан бастап мектептерде “Дінтану негіздері” атты пән енгізіледі. Бұған дейін бұл пән факультатив ретінде, яғни оқушының қалауы бойынша оқылса, енді жоғарғы сыныпта оқу міндетті болмақ. 
Өзге конфессиялар: “Біз туралы мәлімет енбей қалыпты” деп дүрлікпесе болғаны…
Әрине, бастапқы кездері оқулық сапасы, мұғалімнің пәнді дұрыс оқыта білуі тәрізді кемшіліктер орын алар. Алайда, уақыт өте келе мектеп партасынан түлеп ұшқан өрендер әрбір діннің ағы менен қарасын ажырата алатын болады деген үміт бар. Ең бастысы, күні ертең елімізде қаптап жүрген конфессиялар: “Оқулыққа біздің діни қоғамымыз туралы мәлімет енбей қалыпты” деп дүрлікпесе болғаны…
Менің ойымша, бұл пәнді оқытатын мұғалімнің де жеке ұстанымына абай болған жөн.
Кім біліпті, “Дінтану пәнінің” мұғалімі иеһованың, әлде кришнаның немесе ислам атын жамылған әлдебір ағымның өкілі болып шығуы мүмкін ғой.
Одан соң, қазір дінтанушыларды дайындайтын оқу орындары да бізде некен-саяқ. Бір білерім, Алматыдағы Нұр-Мүбәрәк ислам университеті. Одан басқа, әл-Фараби университетінде оқытатынын білемін.
Сөзсіз, қоғамда діннің күші басым болып келе жатқан тұста, дінтану тәрізді пәннің оқытылуы аз да болса, діни төзімділіктің орнауына септесер. Алайда, болашақта ұлтаралық татулық сақталсын десе, толеранттылыққа шақыратын арнайы пәннің де енгізілгені жөн болар еді. http://neweurasia.net


Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1036 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek, Manas_mumin

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0