[10.09.2009.] МЕКТЕПТЕРДЕ ДІНИ САБАҚТАР ӨТЕ БАСТАЙДЫ - 10 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:29
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 809
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 10 » [10.09.2009.] МЕКТЕПТЕРДЕ ДІНИ САБАҚТАР ӨТЕ БАСТАЙДЫ


[10.09.2009.] МЕКТЕПТЕРДЕ ДІНИ САБАҚТАР ӨТЕ БАСТАЙДЫ
12:03
nullБиыл 1 қыркүйек – білім күні оқушылар үшін бірқатар жаңалықтармен басталмақ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Серік Ырсалиев хабардар етті. «Жаңа оқу жылында 10-11 сынып оқушылары дінтану мен автокөлік жүргізу факультатив курстарын оқитын болады. Дінтану курсы барлық мектеп оқушыларына міндеттеледі», – деп атап өтті ол. 
Оның ойынша, адамның діни сауаттылығы бала кезінен бастап қалыптаса бастауы тиіс. «Аталмыш пәннің қажет екені анық, біз көп ұлтты және көпконфессиялы қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, әр оқушының діни сауатты болғаны қоғам үшін маңызды», – деп толықтырды ол өз сөзін. Бұл сабақтарды өткізу үшін тарих, мәдениеттану секілді гуманитарлық пәндерден сабақ беретін мұғалімдер арнайы біліктілік көтеру курстарынан өтіп шыққан.  
Сондай-ақ, ресми өкіл брифингте биылдан бастап мектеп программасына «қаржылық сауаттылық негіздері» деген пәннің енгізілетінін мәлімдеді. «Төменгі сынып оқушыларын кішкентай кезінен бастап экономикалық сауаттылыққа баулитын жаңа пән – «қаржылық сауаттылық негіздері» деп аталады. Ал жоғарғы сынып оқушыларына «қаржы білімінің негіздері» пәні оқытылады», – деді ол.  
Жаңа оқу жылында да өткен жылдардағыдай, тұрмысы төмен отбасы балаларына мектеп оқулықтары тегін берілетін болады. Осы мақсатта тамыздың бірінен бастап барлық оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ететін және тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсететін республика көлемінде «Мектепке жол» акциясы басталыпты. 
Брифингте әрбір облыс орталықтарында әкімдік пен жергілікті білім беру органдары мектеп формаларын, аяқ киімдер мен оқу жабдықтарын жеңілдетілген бағамен сататын «Мектеп жәрмеңкелері» өткізіліп жатқаны белгілі болды. Қазіргі таңда барлығы 595 жәрмеңке ұйымдастырылған. Орта білім департаментінің директоры Нұрғали Аршабековтің айтуынша, ел аумағында ер балаларға арналған мектептік киім үлгісі 4800-7500 теңге, ал қыз балаларға арналған формалар 4900-8000 теңге аралығында болады. «Сонымен қатар, 721 мектеп химия, физика, биология және әмбебап интерактивтік кабинеттермен жабдықталу үстінде. Жыл аяғына дейін жалпы саны 3821 мектеп әмбебап интерактивтік кабинеттермен жабдықталатын болады. Бүгінгі таңда мектеп пәндері оқулықтарының 77 пайызы электрондық форматқа көшіріліп, мектептердің 93,6 пайызы оқулықтармен қамтамасыз етілді», – деп атап өтті департамент директоры.
Алайда, жыл сайын «арыстанды ауыздықтап, марсты бағындырдық» деп аттандағанымызбен олқылықтарымыз да бадырайып көрініп қалып жатады. Ырсалиевтың айтуынша, республика бойынша 267 мың 700 мектеп мұғалім бар екен. Биыл солардың қатарын 6 мың жас маман толықтырыпты. Алайда, бұл да маман тапшылығы мәселесін шешіп бере алмайды. Мысалға алар болсақ, 2,5 миллион оқушының білімге деген мұқтаждығын толық қамту үшін әлі де 2440 ұстаз қажет болады. Соның ішінде 159 бастауыш сынып мұғалімдері, 275 ағылшын тілінің мұғалімі, 293 математика, 165 дене шынықтыру пәні ұстаздары.  
Бүркіт НҰРАСЫЛ. Астана. Ақпарат көзі..

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1735 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 2
11.Тамыз.2009
2. dinislam.kz (Dinislam_Kz)
тарих, әдеп пәндерінңі мұғалімдері дейді ғой. арнайы курстар оқытады білем оларға.

[пікірдің сілтемесі]
11.Тамыз.2009
1. Жандос (Жан-кз)
Ал жаңадан енетін дінтану пәнінен кімдер сабақ береді екен? Ол туралы ештеңе жазбапты ғой. Мамандар жете ме екен?

[пікірдің сілтемесі]

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0