[10.08.2009.] Шошқа тұмауының Астанада тіркелуіне байланысты қандай шара қолдану керек деп ойлайсыз? - 10 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:42
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 952
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 10 » [10.08.2009.] Шошқа тұмауының Астанада тіркелуіне байланысты қандай шара қолдану керек деп ойлайсыз?


[10.08.2009.] Шошқа тұмауының Астанада тіркелуіне байланысты қандай шара қолдану керек деп ойлайсыз?
12:20
nullШошқа тұмауының Астанада тіркелуіне байланысты қандай шара қолдану керек деп ойлайсыз?
Уәлихан Қайсар, саясаткер:
– Шошқа тұмауының елімізге жаппай тарап кетпеу қаупінің алдын алу үшін біз, Қазақстан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірігіп жұмыс істегеніміз дұрыс. Олардың осы ауруға қарсы қолданып жүрген шараларын пайдалануымыз керек. Егер де қазірден бастап осындай шараларды қолға алмасақ, қазіргі медицинамыздың жағдайында күресу мүмкін емес. Оған қауқарымыз жеткіліксіз. Ал Үкімет тарапынан қосымша қаражат бөлу жағын осы бастан ойластырған абзал. Бұл қауіптің беті күшейіп кетсе, онымен күресу қиынға соғады. Ауруды жұқтырып әкелген балаларды қатаң бақылауға алған жөн.
Австралия сияқты мемлекеттерде ақпараттық тұрғыда аурудың алдын алу шараларын жасап жатады. Бізге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болсын, ақпараттық сақтандыру шараларын молынан жасау қажет. Халық бұл ауру жайында жан-жақты мәлімет алуы керек. Одан қалай сақтану керек, қандай белгілері болғанда, не істеу керек дегенді білгені абзал. Өйткені қазақ ауруханаға өлдім дегенде ғана жететінін бәріміз білеміз. Сондай жағдай болмас үшін барлық жерде ақпараттық насихат жүруі тиіс. Тағы бір мәселе, меніңше, Қазақстанның әрбір аймағында Жедел жәрдем бөлімінде шошқа тұмауына қарсы арнайы топ құру керек. Шошқа тұмауына байланысты күдікті ошақтар туатын болса, сол топ межелі жерге дереу жететіндей мүмкіндік болуы керек.
nullМарат қажы Сәрсенбаев, «Халал» техникалық комитетінің төрағасы:
– Алланың харам еткенінен құтылуымыз керек. Сол сияқты шошқаны да Алла бізге харам етті. Қазір көптеген шұжық өнімдеріне шошқаның еті мен майын пайдаланады. Ол қандай шошқаның етінен жасалғанын біз білмейміз. Ол ауру ма, сау ма? Шошқа бізге түрлі мемлекеттерден әкелінеді. Ол ертең бірімізге шұжық болып, енді бірімізге сорпа болып келе ме – оны бір Алла біледі. Ертеңгі күні шошқа тұмауы ауру жұқтырған адамдармен қоса, шошқадан да тарап жатса, «жығылғанға жұдырықтың» кебін киеміз. Сондықтан оның алдын алу керек. Бұл мәселені терең ойланып, мемлекет деңгейінде қарау керек. Мәселен, Малайзия, Египет сияқты мұсылман елдері шошқадан біржола құтылды. «Бізге де осы әдісті қолдану керек пе» деп ойлаймын кейде. Менің білетінім, шошқа – барлық ауруды, зиянды, кесапатты, бақытсыздықты әкелетін хайуанның бірі.
nullЕрлан Манапұлы, медицина ғылымының докторы:
– Шошқа тұмауын жұқтырып келген балаларды қоғамнан барынша оқшау ұстап, емдеу керек. Негізінен, адам өз тазалығын, саулығын өзі қамтамасыз етуі керек. Бұған қатысты карантин де жариялауға келмейді. Тұмаудың вирусы дегеніміз ауа арқылы тарайды. Оған қалай карантин жариялайсың? Ал шошқаларды қырып-жоюмен ауруды жоя алмайсың, ол бәрібір ауада қалады. Шошқадан адамға ауысқаннан кейін енді оны әрі қарай жұқтырушы адам болып саналады. Адамнан қайтып шошқаға ауру жұқпайды. Сондықтан ауру жұқтырғандарды қоғамнан бөлек ұстау керек. Басқа амал жоқ.
Дайындаған Салтан СӘКЕН. "Алаш айнасы. газеті

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1050 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
10.Тамыз.2009
1. Жанболат (janbolat)
шошқалардың көзін құрту керек :)

[пікірдің сілтемесі]

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0