Ақмола облысына қарасты Щучье ауданының орталығы Щучье қаласында жаңа мешіт іске қосылып, жамағат игілігіне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі. Жылдар бойы жыры таусылмаған мешіт құрылысының ашылу салтанатына қатысқан Қазақстанның Бас муфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі көп болып қолға алынып, Алланың үйінің іске қосылуымен жамағатты құттықтап, имандылық жолындағы жұмыс туралы ойын ортаға салды. Мешіт қорына ақ боз арғымақты сыйға тартып, жамағатты алдағы уақытта жақсылық жолында ынтымақтас, ұйымшыл, көпшіл болуға шақырды. Өз кезегінде Ресей Федерациясы азиялық бөлігінің Бас муфтиі Әнуәрбек қажы Жүнісов, Моңғол мұсылман ұйымдары одағының атқарушы әкімі Батырбек Адисын аймақта көркі көз тартар, сәулеті ерекше, ішкі безендірілуі мен жабдықталуы тамаша мешіттің ашылуы имандылыққа бетбұрыс екенін атап көрсетті. Мешітте үш намазхана, адамдар бас қосып дидарласатын орын, намазға дайындалатын бөлмелер бар. Алдағы уақытта бай кітап қоры жинақталып, балғындарды оқыту, медресе ашу белгіленген. Бұл аймақтағы ең іргелі мешіттердің бірінен саналады. Қазіргі кезде Көкшетау қаласында бас мешіт құрылысының алғашқы дайындық жұмыстары қолға алынған. КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.