[11.08.2009.] Алматыда Әбу Ханифа атындағы ерлер медресесі ашылды
Алматыда алғашқы ерлер медресесі ашылды. Оқу орны Әбу Ханифа есімін иеленген. Діни басқарманың ескі ғимаратында орналасқан діни оқу орны 75 балаға арналған. Ал шәкірттер дін исламнан тегін сусындайтын болады. Елімізде осымен жетінші медресе ашылып отыр. Алматыдағы – тұңғыш медресе. Республикалық деңгейдегі медресе тек ... Жалғасын оқу »
[11.08.2009.] АЛМАТЫДА ӘБУ ХАНИФА МЕДРЕСЕСІ АШЫЛДЫ
Алматыдағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Әбу Ханифа медресесі ашылды. Оның ашылуында сөз алған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісалының айтуынша, медресе еліміздегі жас имамдарды дайындайтын негізгі орта білім беру орны болмақ. Бұл жерге жылына 25 баладан қабылданады. Олар мұнда 3 жыл дәріс алады. «Қазіргі уақытта түрлі ағымдар, ұйымдар ба... Жалғасын оқу »
[11.08.2009 .] Ауылға білімді имамдар неге бармайды?
Ауыл-ауылда бұрындары мешіт те болмайтын. Қазір ел ішінде бес уақыт намазын оқып, имамға ұйитындар, Құдайға шүкір, жеткілікті. Жуырда Ордабасы ауданына қарасты «Жеңіс» ауылына жолымыз түскен болатын. Сонда ауыл молдасы Баймұхан Мұстафаұлына (суретте) жолығып тілдескен едік.
[11.08.2009.] Ақтауда «Ұлттың бірлігі - конфессияаралық келісімнің факторы» атты семинар өтті
Ақтауда «Ұлттың бірлігі - конфессияаралық келісімнің факторы» деген тақырыпта семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Семинардың мақсаты - елордамыз Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезіне байланысты ой-пікірлер білдіру және әр түрлі діндер мен өркениеттің жолын ұстанушылар арасында диалог орнату. Семинар жұмысына облыстық Бекет Ата мешітінің бас имамы Дүйсен Әбуұлы Хасниязов, «НұрОтан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының қызметкерлері, «Қазақстан мұсылман әйелдері» ҚБ төрайымы Әмина Күнзила, «Қасиетті Иисус жүрегі» римдік-католиктік діни бірлестігінің төрағасы Александр Калиновский және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен оқушы-студент жастар қатысты. Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ сьезінің еліміз үшін маңыздылығы мен дінаралық өзара түсіністіктің ... Жалғасын оқу »