[11.08.2009.] Алматыда Әбу Ханифа атындағы ерлер медресесі ашылды - 11 Августа 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 21:46
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 735
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 11 » [11.08.2009.] Алматыда Әбу Ханифа атындағы ерлер медресесі ашылды


[11.08.2009.] Алматыда Әбу Ханифа атындағы ерлер медресесі ашылды
00:23
nullАлматыда алғашқы ерлер медресесі ашылды. Оқу орны Әбу Ханифа есімін иеленген. Діни басқарманың ескі ғимаратында орналасқан діни оқу орны 75 балаға арналған. Ал шәкірттер дін исламнан тегін сусындайтын болады. Елімізде осымен жетінші медресе ашылып отыр. Алматыдағы – тұңғыш медресе. Республикалық деңгейдегі медресе тек ерлерге ғана арналған. Мұнда діни сауат алам деушілер үшін барлық жағдай жасалған. Кітаптармен жабдықталған бай кітапханасы, жайлы әрі кең жатын орны мен ас бөлмесі бар. 
Әбдімүтәліп Қайназарұлы, ҚМДБ діни оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі: 
- Орта білімі бар балаларды қабылдаймыз. Бұл жерде тұруы, оқуы тегін. Шәкірттерді оқыту үшін мемлекет талабына сай ұстаздарды жалдаймыз. 
null
Тәлім алушылар екі жыл, он ай оқиды. Ал бітірген соң, исламтанушы және имам-хатиф дәрежесін иеленіп, аудандық мешіттерге қызметке бара алады. 
Екі жарым мыңға жуық мешіті бар еліміздің діни мекемелерінде арнайы білімі бар діни қызметкерлер жетіспейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағылар ашылған медресе осы олқылықтың орнын толтыруы тиіс деп есептейді. Әйтсе де, ең бастысы оның түлектері теріс ағымдармен күресіп, хақ дінді насихаттауы тиіс. 
null
Әбдімүтәліп Қайназарұлы, ҚМДБ діни оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі: 
- Бұл аз. Жер жерлерде осындай медреселер ашсақ, сонда ғана теріс пиғылды ағымдарға төтеп бере алар едік. 
Медресеге биыл емтихан арқылы 25 адам ғана қабылданады. Ал сынақ мерзімі бүгін басталды. 
Айбек Қабиев, талапкер: 
- Білім алу әрбір мұсылман үшін парыз, бұл жерден ненің арам, адал екенін үйренеміз. Дін қызметкері боламыз. 
Шәкірттер медреседен дәріс алып жүрген кезеңде әскери парызын өтеу міндетінен уақытша босатылады. http://kaz.ktk.kz


Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 1014 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0