[12.08.2009.] Елімізде 2330-мешіт бой көтерді - 12 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:51
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 952
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 12 » [12.08.2009.] Елімізде 2330-мешіт бой көтерді


[12.08.2009.] Елімізде 2330-мешіт бой көтерді
06:11
nullӨткен сенбі күні Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Еркіндік ауылында жаңа мешіт ашылды. Имандылық үйінің салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің бас мүфтиі шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысты.
Екі қабатты имандылық үйі – Еркіндік ауылында ашылып отырған тұңғыш мешіт. Ата-бабамыздың ақ жолын жалғастырып, халқымыздың рухани қажеттілігін өтеу мақсатында пайдалануға берілген ғибадатханада бір мезгілде жүзге жуық адам намазға жығыла алады. Жаңадан бой көтерген имандылық үйіне қажылыққа үш рет барып келген, ауылдың қадірлі ақсақалы болған Қален қажының шөбересі – Тұрсын Жәкештегінің есімі берілді. Ауыл тұрғындарын осы қуанышпен құттықтаған Бас мүфти уақыт өткен сайын елімізде имандылық үйлерінің көптеп салынып жатқанын тілге тиек етті. Мәселен, алғаш Тәуелсіздік алған жылдары республикада бар болғаны 68 мешіт болған болса, қазір олардың саны екі мыңнан асып жығылады екен. Ал мына мешіт Қарағанды облысы бойынша ашылған 139-имандылық үйі көрінеді.
Әбсаттар қажы Дербісәлі, ҚР бас мүфтиі:
– «Құдайдікі – парыз, патшанікі – уәжіп» деген аталы сөзді берік ұстанған елміз. Тәуелсіз мемлекетімізде ислам дінінің кеңінен қанат жайып, таған тартуына ерекше көңіл бөлетін Президентіміздің сындарлы саясатының арқасында елімізде уақыт озған сайын зәулім мешіттер бой көтеріп жатыр.
Жаңа мешіттің ашылуына орай ас беріліп, республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Оған еліміздің әр аймағынан сегіз ақын қатысты. Ислам дініне арналған айтыста бірінші орынды Жандарбек Бұлғақов иеленсе, екінші орын қарағандылық Дидар Қамиевке бұйырды. Айтыс жеңімпаздары ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жансая Әбдібекова. "Алаш айнасы" газеті.
Суретте: Н.Төреқұлов мешіті. Түркістан қаласы.
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 915 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0