[12.08.2009.] Тәуелсіз мемлекеттегі дәстүрлі діндердің өзге елдердің діни орталықтарына тәуелді болуы дұрыс па? - 12 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:17
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 809
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 12 » [12.08.2009.] Тәуелсіз мемлекеттегі дәстүрлі діндердің өзге елдердің діни орталықтарына тәуелді болуы дұрыс па?


[12.08.2009.] Тәуелсіз мемлекеттегі дәстүрлі діндердің өзге елдердің діни орталықтарына тәуелді болуы дұрыс па?
06:17
nullБіз өзімізді Тәуелсіз мемлекетпіз деп есептейміз. Әрине, территориялық жағынан дербес ел екендігімізге ешкім шүбә келтірмейді. Алайда сол Тәуелсіз елдің ішінде насихатталып жатқан дәстүрлі діндер негізінен шетелдегі діни орталықтарға бағынады. Шетелде құрастырылған жоспармен жүріп-тұрады. Бұл біздің Тәуелсіздігімізге сын ба, әлде барша әлемде орын алған ортақ құбылыс па? Осы мәселе жайында саясаткерлер пікірі екіге жарылды. 
null
Ғарифолла Есім, сенатор, академик:
Иә
– Біз өзі зайырлы қоғамда өмір сүріп жатырмыз дейміз, осы қоғамымызды «азаматтық, ашық, демократиялық, құқықтық қоғам» деп те атайды. Оны бізге ешкім күштеп таңып берген жоқ. Өз қалауымызбен мемлекеттік құрылым, мемлекеттік ұстаным ретінде таңдап алдық. Ендеше, саясатымыз да соған сәйкес болуы керек. Зайырлы қоғамның негізгі принципіне сүйенетін болсақ, дін билік істеріне, саясатқа араласпайды. Ал саясат әлемде мойындалған дәстүрлі діндерді қыспаққа алмайды. Міне, осы себепті де біз еліміздегі дәстүрлі діндердің ішкі істеріне араласа алмаймыз. Өзімізді зайырлы қоғам құрудамыз деп жариялай отырып, біз әлемдік дәстүрлі діндердің жұмысына еркіндік берілетініне кепілдік беріп отырмыз. Дәстүрлі діндер деп кімді айтамыз?!
nullӘбдімәлік Нысанбаев, Философия және саясаттану институтының директоры, академик:
Жоқ
– Кесіп айтқым келіп отыр, еліміздегі барлық идеологиялар тек өз мемлекетімізге ғана тәуелді болу керек. Өйткені шетелден басқарылатын діни орталықтар еліміздің Тәуелсіздігіне қауіп төндіреді. Басқасын былай қойғанда, олардың қаржылай қамтамасыз етілуі де шетелдіктерге тәуелсіз болу керек. Орыстардың «ақшаны кім төлесе, музыканы да сол таңдайды» дегеніндей, еліміздегі шетелден қаржыландырылатын діни орталықтардың барлығы сол шетелдіктердің сойылын соғады. Бұл дұрыс емес. Біз үшін бір ғана дәстүрлі дін бар – ол ислам. Және бір дәстүрлі сенім бар ол – тәңіршілдік. Қалған діни сенімдердің барлығы біз үшін жат. Олардың жұмысы біздің ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіреді.
Әлемдік дәстүрлі діндердің қатарына енетін протестанттар, кришналар біздің елімізде белсенді жұмыс жасап жатыр.
"Алаш айнасы" газеті. Мақаланың толық нұсқасын "Алаш айнасы" газетінен оқуыңызға болады.
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 1107 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0