[12.08.2009.] Экстремистік әдебиетке тыйым бар ма? - 12 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:23
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 952
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 12 » [12.08.2009.] Экстремистік әдебиетке тыйым бар ма?


[12.08.2009.] Экстремистік әдебиетке тыйым бар ма?
06:33
nullТамыздың 3-і күні Астана соты Қазақстан аумағында таралуына тыйым салынатын экстремистік мазмұндағы кітап, брошюра және аудиожазбалардың тізімін ресми түрде жария етті. Жалпы саны 207-ні құрап отыр, 50-ден аса брошюра, 100-ден аса листовка, он бес шақты кітап және 20 шақты аудиожазба. Олардың дені Жоғарғы соттың шешімі бойынша Қазақстанда жұмыс жасауға тыйым салынған 13 халықаралық діни ұйымға тән әдебиеттер.

Әр жыл сайын елімізде таралуына тыйым салынған әдебиеттердің тізімі жарияланып отырады. Әдеттегідей биыл да бұл әдебиеттердің тізімдері «Егемен Қазақтан» газетінде басылды. Кемшін тұсы солардың бойында қандай теріс танымдар жатқаны жіті тарқатылмайды. Дұрысы, мұндай кітаптарды экстремистік деп тану барысында сарапшылар заңнамаға қайшы келетін қандай түйткілдер негізге алынғаны әдебиеттер тізімімен қоса жариялануы керек еді. Дегенмен отандық сарапшылардың діни әдебиеттерді талдауы сауатты деңгейде өтіп жатыр десек те болады. Қазақстанда қолдау тапқан ханафиттік ағымның және дәстүрлі исламның нормаларына, ел Конституциясына қайшы келетін, кейде тіпті заңнаманың өзін бүтіндей жоққа шығаратын үгіттеулерді анықтап жатыр.

Биыл ресейліктер 386 әдебиетті экстремистік деп тауып, олардың ел ішіне кіргізілуіне тосқауыл қойды. Көріп отырғанымыздай, көрші мемлекетте тыйым салынған түрлі діни әдебиеттердің тек жартысы ғана Қазақстанда тыйым салынған екен. Оның үстіне заңмен шектеу қойылғандарының таралмауын қадағалау мәселесі тағы бар. Өйткені мұны қадағалайтын арнайы құзырлы орын Қазақстанда жоқ. Тәртіп сақшыларының ара-тұра бір өткізіп тұратын арнайы рейд-операциялары бұған аздық етеді. Ұлттық-діни алауыздықты қоздыруға бағытталған, мазмұны бұлыңғыр, шыққан тегі белгісіз әдебиеттерді бұл күнде көше бойынан, мешіт маңынан оңай қолға түсіруге болады. Саудагерлер олардың қай елде, қай баспада дайындалғанынан да бейхабар. Қазақстанда діни әдебиеттердің бойындағы қатерлі идеологияларды айқындайтын дінтанушы мамандар өте аз. Ал бұл қызметті діндарлардың қолына табыстау қауіпті. Мұнан шығудың бір жолы – Ресей дінтанушыларымен бірлесе отырып жұмыс жасау. Бәлкім, қауіпті әдебиеттерді әшкерелеу мақсатында беделді дінтанушылардың ортасын құру қажет шығар. Себебі еліміздің теолог мамандары жер бетінің әр түкпірінен шығып жатқан әдебиеттердің барлығын саралап үлгермейді.

Марат Смағұлов «Ислам экономикасы мен құқығы» орталығының директоры, сарапшы-теолог:
 – Құрандағы мұсылмандар мен кәпірлер арасында болған соғыстар кезінде жазылған және тек сол соғыс жағдайында ғана қолданылуы тиіс аяттарды әлгі тыйым салынған әдебиетті шығарушылар бейбіт заманда пайдалануға шақырады. Себебі олар сол аяттың тарихын, оның не үшін түскендігін жетік білмейді. Осыдан келіп, исламға кереғар ұстанымдар пайда болады. Ал исламдағы ғылыми көзқарас болып табылатын «аралық» ұстаным осының барлығының орнын анықтап бере алады. Көбіне заманымызға сәйкес келмейтін тәпсірлеулер басым. Әсіресе, жастар діннің сыртқы келбеті болып табылатын сақал-мұрт қойып немесе орамал тартып жүру дегенді бірінші орынға қояды. Негізінде, бұлар 20-шы 30-шы деңгейде тұрған талаптардың бірі. Мұсылман адамда алдымен иман болуы керек. Одан соң ғайбат сөз айтпау, ұстамды мінез-құлық көрсету деген сияқты болып кете береді.

Ой-түйін
Беттерін ақтарсаңыз, экстремистік пиғыл айқын көрініс табатын кітаптар өте көп. Олар адамдардың құқығы мен бостандығына қол сұғып, соғысты насихаттайды, ұлттық және діни араздықты тұтатады, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған жұмыстарға дем береді. Қалай дегенмен, мыңдаған таралыммен шығып жатқан діни кітаптарды ұлт қауіпсіздігі тұрғысынан зерделейтін ғылыми-сараптамалық орталықтарға қажеттілік туындап отырғаны анық.

Экстремистік әдебиет беттерінен: 
Жоғарыда экстремистік деп танылған тізімнен тыс қауіпті әдебиеттер, дін араздығын қоздыруға шақыратын кітаптар бар. Мәселен, тыйым салынған әдебиеттердің қатарына ілініп үлгермеген Мұхаммед Абдул Уаххабтың «Шарх Китабут-Таухид» кітабында: «мұсылман адам міндетті түрде кәпірлерді (өзге діннің адамдары) жек көруі тиіс. Тіпті олар мұсылмандарға сүйіспеншілік сезімдерін көрсетіп, достық құшақтарын жайса да, олар мұсылманның басты жауы екенін білуі керек….» немесе «Олар (кәпірлер) тек жамандық пен зиян ғана алып келеді. Сондықтан да, сен кәпірлерді олардың нәсіліне қарамай шын жүрегіңмен жек көруің керек…» дегендей адамдар арасында жаулық көзқарас ұялататын танымдар таңылады. Абу Закария Яхья ибн Шараф ан-Науауидің екі томдық «Шарх Риядус-Салихин» кітабында діни алауыздықтан бөлек ұлтаралық келіспеушіліктерге апаратын, Гитлер танымындағы идеялар жатыр: «…Кейбір халықтардың басқаларынан артық екенін де білген дұрыс. Елші жіберілген халық өзгелерінен артық. Араб халқы барлығынан артық халық». Бұл кітапта араб халқының жер бетіндегі өзге ұлттардан артық екендігі бірнеше жерде келтіріледі. Осылайша бір халықты келесі біреуінен үстем етіп қойған әдебиет ендігі бір жерінде сақал қыруды шорт кесіп харам етіп көрсетеді. Нәтижесінде, барша қазақстандықтар «күнәһар» болып шыға келеді. Зайырлы қоғамның негізгі принциптеріне қарсы келетін насихаттаулар осы іспетті әдебиеттерде өріп жүр. Үш томдық «Шарх Риядус-Салихин» кітабында «Алла табиғатта түсірген және түскен кәпірлердің ойлары әйел затын көтеру, қолпаштау… Олар теңдік болу үшін, әйелдерді барлық жерлерге ерлермен бірдей қатыстыру керек деп айтады. Бұл адамдар табиғатына және шариғатқа қарсы келу…» деп жазылған. Тағы бір тұсында «Кім Аллаһ тыйым салған ғұламаларға және билеушілерге бағынса, онда ол Алладан бөлек басқаға табынған болып саналады» деп ресми билікті мойындамауға шақырады. 
Сәкен Көкенов. "Алаш айнасы" газеті. 

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 867 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 4
12.Тамыз.2009
4. dinislam.kz (Dinislam_Kz)
«…Кейбір халықтардың басқаларынан артық екенін де білген дұрыс. Елші жіберілген халық өзгелерінен артық. Араб халқы барлығынан артық халық». бұл қандай хадис екен, «Шарх Риядус-Салихин» кітабында қай жерде жазылған екен...............

[пікірдің сілтемесі]
12.Тамыз.2009
3. dinislam.kz (Dinislam_Kz)
Жеке басым, аталмыш мақаладағы пікірлерге қосылмаймын, мысалға: "Абу Закария Яхья ибн Шараф ан-Науауидің екі томдық «Шарх Риядус-Салихин» кітабында діни алауыздықтан бөлек ұлтаралық келіспеушіліктерге апаратын, Гитлер танымындағы идеялар жатыр" деп жазғаны шындыққа жанаспайтын сияқты.

[пікірдің сілтемесі]
12.Тамыз.2009
2. MUSULMANIN (Муслим)
..."бір жерінде сақал қыруды шорт кесіп харам етіп көрсетеді. Нәтижесінде, барша қазақстандықтар «күнәһар» болып шыға келеді."

Барша қазақстандықтар көсе деп кім айтты? Қазақстандықтардың ішінде сақалдылар да бар.

Ойлау әдісі қызық екен. Почти бүкіл шариғи кітапта "намаз оқымау – харам" делінеді. Сонда Марат Смағұлов айта ма екен "Намаз оқымау – харам делінсе, Нәтижесінде, барша қазақстандықтар «күнәһар» болып шыға келеді, сондықтан "намаз оқымау – харам" делінген кітаптарды да тыйым салу керек"- деп?

Әрине сақалға тіреліп қалған ештеме жоқ. Просто ойлау әдісі қисынсыз екен.


[пікірдің сілтемесі]
12.Тамыз.2009
1. temp (temp)
arb

[пікірдің сілтемесі]

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0