Әрбір мұсылман шариғатта көрсетілген міндеттемені орындауы керек болса, көп адамдар жаңылысып жүрген секілді. Намазда тұрғанда мұсылман екі қолын кіндік астына қоюы тиіс. Мен Астанадағы орталық мешіттен екі қолын кеудесіне қойған ер адамға мұның қате екенін айттым. Ол өзінікін дұрыс деуден қайтқан жоқ. Қайсымыздікі дұрыс? Нұрдәулет ТҰРСЫНХАНҰЛЫ, Теке ауылы Сіздің сауалыңызға Қарағандыдағы Орталық мешіттің оқытушысы Ысқақ Әбдірахман жауап береді: – Ханафи мен ханбали мәзһабтарында ер адамдар намазда қолдарын кіндіктің астына байлайды. Ер адам бас бармағымен және шынашағымен сол қолының білезігін орап және қалған үш саусағын білегінің үстіне жабыстырып, осы бейнеде кіндігінің астына қояды. Әйел кісі оң қолының алақанын сол қолының сыртына қойып, омырауына перде етіп, кеудесіне қояды. – Бұл намаздың сүннеттері. Бұл жайында Хазіреті Әли, Алла тағала оған разы болсын, былай дейді: «Намазда оң қолды сол қолдың үстіне қойып, кіндіктен төмен ұстау – сүннет». (Хадисті Мүслім жеткізді, Әбу Дәуд, Ан-Насаи және Ат-Тирмизи және Әл-Бұхари жеткізді, Ал-Фиқһ ал-Ислами уа Адиллатуһу: 2/874)
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.