Ислам - әмбебап дін. «Кімде-кімге Аллаһ жақсылық қаласа, оны дінді түсінетін етеді...» Әл Бухари және Муслимнен Аллаһ Тағала адамзат баласына әр түрлі замандарда пайғамбарлар жіберіп отырған. Пайғамбарлар адамдарға бір Аллаһқа құлшылық етуді бұйырып, Оған серік қосудан тыйған. Әр пайғамбар өз қауымына ғана жіберілген. Ал ең соңғы пайғамбар Мухаммәд саллә Аллаһу ъаләйһи уә сәлләм бүкіл адамзат баласына ақырзаманға дейінгі пайғамбар болып жіберілген. Сондықтан Аллаһ Тағаланың барша адамға, барша заманға арнап жіберген діні Ислам тек құлшылықтар жиынтығы емес, өмір сүру жолы болып табылады. Жаһанды жаратқан Жаратушы оған қай заманда не қажет екенін дөп басып білетіні түсінікті. Олай болса, Ислам діні заман өткен сайын ескіріп емес, керісінше жаңарып, жан жақты қырлары ашылып, өз қатарына түрлі ұлт өкілдерін жиып, ғылым мен білімде зор табыстарға қол жеткізген тұлғаларды таң қалдырып, өзінің ақиқаттығын мойындатуда. Жалғасы мұнда...
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.