[13.08.2009.] Қазақстан қай жағынан «күнәға» батты?
12:29
Батыстың Esquire атты журналы жақында «күнаһар» елдердің тізімін жария еткен-ді. Аталған тізімнің басында Белорусь болса, Ресей мен Қазақстан сәйкесінше 2, 3-ші орындарға ұмсыныпты. Одан әрі Эстония, .., Венгрия, Сомали, Финляндия, сарапқа түскен сайыскерлердің ішіндегі «күнәдан» ең тазасы Замбия мен Бенин екен. Айта кетерлігі, Esquire-ліктердің бұндай деп беттері бүлк етпей сөйлеуіне 2000-2008 жылдары аралығындағы 169 елдің статистикалық есеп-қисаптарын електен өткізуі негіз болған. Мысалға, уайымшылдық - жан басына шаққандағы өзін-өзі өлтіру фактілерінің, ашуланшақтық - қасақана адам өлтірудің санымен анықталыпты. Мешкейлікті - жануар етін пайдалану көрсеткіші бойынша, ашкөздікті - парақорлықты қабылдау индексі бойынша өлшепті. Құмарлық - бір әйел басына шаққандағы бала туу санына бөлінген мүшеқаптар санымен, ал күншілдік - «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» жер іздеп, Отанын өз ырқымен тастаған эмигранттар санымен анықталса керек. Осы көрсеткіштер бойынша әр елге индекс қойылып, олардың қосындысы бойынша «күнәһарлық» деңгейін оп-оңай таба салған. Сонымен, Литва - ең уайымшыл, Колумбия - ызақор, Суринам - қызғаншақ, Франция - мешкей, Сомали - ашкөз, Гонконг - ең «жүргіш» ел атанса, Қазақстанға не жорық дерсіз? Жоғарыда аталған индекстердің қайсысынан мүлт кеттік? «Күнаһар» елдердің үштігіне кірген Қазақстан қай жағынан «күнәға» батты екен, а? http://abai.kz
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.