Исламдық Конференциясы ұйымының Бас хатшысы Бағдад пен Мусельдегі соңғы жарылыстарды айыптады. "ИРНА"-ның хабарлауынша, Экмеледдин Ихсаноғлу кеше сейсенбіде үндеу шығарып, бұл шабуылдарда құрбан болғандардың жанұяларына көңіл айтып, Ирак үкіметінің бұл бомба жарылыстарды ұйымдастырушыларға кесінді шара қолдануды өтінді. Исламдық Конференциясы ұйымының Бас хатшысы өз үндеуінің бір бөлімінде ирактық топтар басшыларын бірлікке және бұл лаңкестік әрекеттердің алдында сабырлы болуға, сондай-ақ мемлекетінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына талпыныс жасауға шақырды. Өткен екі күнде Бағдад пен Мусельдегі бомба жарылыстары әсерінен кемінде 200 адам қаза болды. http://kazakh.irib.ir
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.