Британия демографтарының болжауынша, ХХІ ғасыр ортасына таман Еуроодақ тұрғындарының шамамен 20 пайызын мұсылмандар құрайды. Мамандар Еуропадағы мұсылмандар санының артуын имигранттардың шамадан тыс легімен және жергілікті тұрғындардың арасында бала санының барынша азайып жатқанымен түсіндіруде. Қазірде мұсылмандар 500 миллион тұрғынды құрайтын Еуропа құрлығының 5 пайызына жетіп, 23 миллионды бағындырды. Демографтардың айтуынша, мұсылман диаспорасы, әсіресе Британия, Испания, Голландия елдерінде шектен тыс артады. www.alashainasy.kz
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.