[13.08.2009.] БАС МҮФТИ БҮГІН «АСЫЛ АРНА» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТІЛШІЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
22:51
13 тамыз. Дінбасы жаңа ашылғалы отырған «Асыл арна» телеарнасының тілшілерін қабылдап, арнаның ашылуына орай құттықтаумен қатар, сұхбат та берді. «Асыл арна» ата-бабамыздың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан асыл дінін Ханафи мазһабы аясында насихаттап тарататын бірден-бір телеарнаға айналмақ. Ол «Алма-ТВ» кабельдік телеарнасы арқылы тәулік бойы, яғни 24 сағат діни танымдық материалдар беретін болады. Дінбасы сондай-ақ телеарна арқылы алдағы қасиетті Рамазан айына байланысты еліміздің барша мұсылмандарын құттықтады. Сол күні Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет республикалық «Хабар» телеарнасына қасиетті Рамазан айына байланысты отандастарымызды құттықтап, «Таразы» бағдарламасына Ислам және жастар жайлы сұхбат берді. Сондай-ақ тілшілер Дінбасынан Алматыда «Әбу Ханифа» медресесінің ашылуына орай арнайы әзірленген бағдарлама үшін сұхбат алды. http://muftyat.kz
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.