Құрметті Дінбасы! Біздің аудан орталығы Темірлан кентінде екі мешіт жұмыс істеуде. Оның екіншісі өзіңіздің қатысуыңызбен осы-дан 3 жыл бұрын ашылған еді. Қазір ол - аудандық орталық мешіт. Оған жуырда ғана сіздің бұйрығыңызбен жаңа имам болып Бастарбек Әшірбаев тағайындалды. Діни жоғары білімді азамат. Бұған дейін көршілес Ынтымақ ауылдық мешітінде имам, әрі аудандық орталық мешіт имамының орынбасары болатын. Ал 1996 жылы жергілікті халықтың күшімен салынған 400 орынды мешіт, жаңа мешіт салынғалы басы артық ғимараттай қараусыз қалған еді. Оған жергілікті діндар Талғат Сүйінжанов бас болып, кенттің дін жанашырлары, намазхандары қаржылай көмектесіп, қайта күрделі жөндеуден өткізді. Құлшылық үйі жаңа салынғандай көркем қалпына келді. Ауданның жаңа Бас имамының бастауымен есігін қайта ашқан мешітте діндар Талғат Сүйінжановтың имамдық етуімен жамағат намаз оқуда. Намазхандары күннен-күнге өсу үстінде. Жұма намазына 100-ге тарта мұсылмандар қатысады. Құрметті Дінбасы! Сізге кентіміздегі осынау қуанышты жағдайды намазхандар атынан жеткізуді өзіме абырой санаймын. Төлепберген ӘДІЛБЕКОВ, зейнеткер, намазхан. Ордабасы ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы. http://muftyat.kz
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.