Өткен сенбіде орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде 100 бала сүндеттелді. Бұл шара жайлы алдын ала жұма намаздардағы насихаттардан құлағдар болған көпшілік өз балаларына мұсылмандықтың алғашқы жолын Алланың ақ үйінде жасауды қуана құптаған. - Бұндай жоба Ақтөбе қалалық ер балалар пансионатында бірнеше жылдан бері үрдіс боп келеді. Біздің мешітте алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараға балаларын әкелуге н... Жалғасын оқу »
Биыл Рамазан айы тамыздың 21-інде басталады. Бұл ай - Алла тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, iзгi ниеттi iске сауабы көп, жыл он екi айдың ең қадiрлiсi. Исi мұсылман қадiр тұтатын қасиеттi Құран Кәрімнің алғашқы аяттары да Алла тарапынан Рамазан айында түсiрiле бастаған. Сондықтан Рамазан айы - Құранның, құлшылық пен тәубе, кешiр... Жалғасын оқу »
[14.08.2009.] TRT Turk каналының Дін және дүние бағдарламасынан...
Ислам дінінде қасиетті күндердің маңызы
Илахи діндерде кейбір құтты күн мен кештер болады. Бұл күн мен кештерде адамдар өмірінің өтіп бара жатқанын, күнделікті жұмыстардың бір қалыпты болғанын, істеген жұмыстары мен ғибадаттарын мұ... Жалғасын оқу »
Белгілі дінтанушы, газетіміздің тұрақты авторы, «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының президенті Аманкелді Еренғайыпұлы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Адамның табиғи әлеуметтік болмысына Исламның ықпалы» деген тақырыпта философия ғылымдарының кандидаты дәрежесі үшін ғылыми диссертациясын сәтті қорғап шықты. Бұл еңбекте философиялық, теологиялық, мәдениетта... Жалғасын оқу »
Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) жанынан республикада жетінші, ал оңтүстік астанада алғашқы медресе ашылды. Медресеге Исламдағы төрт мазһабтың ең бастысы – Имам Ағзам Әбу Ханифаның есімі беріліп отыр. Негізінен арнайы орта білімді жас имамдар дайындайтын оқу орнына республиканың түкпір-түкпірінен Құранның негіздерін жақсы меңгерген, намаз оқи білетін талапкерл... Жалғасын оқу »
Арқалық қаласы Әділет басқармасында ағымдағы жылдың 27 шілдесі күні дін саласында адасушылыққа бермеу және алдын алу, ескерту мақсатында Арқалық қаласының кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Дін қоғам өмірінде» тақырыбында семинар өткізілді. Кітапхана қызметкерлерін жоғарыда аталған тақырып бойынша семинарға шақырудың себебі, бұл қызметкерлер қоғаммен, қала жұртшылығымен мәдени және рухани жағынан жұмыс жасауы болып табылады. Өмірде рухани таным-түсінігі, мақсат-мүддесі ортақ адамдардың берік шаңырақ құратыны, тату-тәтті достық қарым-қатынаста болатыны баршамызға белгілі. Сондықтан да, елімізде конфессияаралық түсіністік, сыйластық, рухани келісім күннен-күнге нығайып, осындай ахуал аясында республика халқының басым бөлігін құрайтын мұсылмандар мен православиялық христиандар арасында діни сенімді... Жалғасын оқу »
Биылғы жылғы қасиетті Рамазан айы тамыз айының 21-ші жұлдызы күні басталады. Рамазан барша мұсылмандардың сағына күтіп, қимай қоштасатын, қасиетті Құран Кәрім аяттарының түсе бастаған мүбарак айы. Рамазан айы барша адамзат баласына рахметті ала келді. Рамазан айында бір айы бойы ораза тұту парыз етілді. Рамазан айынның фазилаты жайында Құран аяттары мен пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу алайһи уассалла... Жалғасын оқу »
[14.08.2009.] Израильде доңыз тұмауына қатысты мінәжат етудің жаңа жолына көшті
Израильде 50 шақты діндар доңыз тұмауының таралуына тек Құдай ғана бөгет болады деп, мінәжат етудің жаңа жолына көшті. Бүгін арнайы ұшаққа мінген олар Израиль шекарасын айнала ұшып, дұға оқып шықты. Раввиндер осындай қадам арқылы індетті тоқтатуға болады деген сенімде. Дәл осындай сарында құлшылық ету әд... Жалғасын оқу »