[14.08.2009.] Израильде доңыз тұмауына қатысты мінәжат етудің жаңа жолына көшті
12:40
Израильде 50 шақты діндар доңыз тұмауының таралуына тек Құдай ғана бөгет болады деп, мінәжат етудің жаңа жолына көшті. Бүгін арнайы ұшаққа мінген олар Израиль шекарасын айнала ұшып, дұға оқып шықты. Раввиндер осындай қадам арқылы індетті тоқтатуға болады деген сенімде. Дәл осындай сарында құлшылық ету әдісі бірінші рет болып отырған жоқ. Каббалистер 1991 жылы Парсы шығанағында болған соғыс кезінде және 1996 жылы елде лаңкестік әрекеттер көбейіп кеткенде, топталып ұшаққа мініп, дұға оқып шыққан болатын. Израильде осы уақытқа дейін 2 мыңға жуық тұрғын доңыз тұмауына шалдықса, олардың 5-еуі көз жұмды. Ал әлем бойынша 160 мың адам қатерлі індетті жұқтырып, 1200-і адам қаза болған. Дастан Шымырбай. http://kaz.ktk.kz
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.