[14.08.2009.] TRT Turk каналының Дін және дүние бағдарламасынан... - 14 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:18
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 809
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 14 » [14.08.2009.] TRT Turk каналының Дін және дүние бағдарламасынан...


[14.08.2009.] TRT Turk каналының Дін және дүние бағдарламасынан...
23:50
nullИслам дінінде қасиетті күндердің маңызы
Илахи діндерде кейбір құтты күн мен кештер болады. Бұл күн мен кештерде адамдар өмірінің өтіп бара жатқанын, күнделікті жұмыстардың бір қалыпты болғанын, істеген жұмыстары мен ғибадаттарын мұқият бағаландыру мүмкіндігін табады. Күнделікті қарбалас жұмыстардан жалыққан адамдар үшін аталмыш күн мен кештер өмірге жаңа бір бастама әкелу үшін орай туағызады. 
Ислам дінінде өте маңызды қасиетті күн мен кештер бар. Бұл күндер мен кештер тілге тиек болғанда есімізге алдымен мерекелеріміз бен канділ кештеріміз түседі. Баршаға аян ораза айт және құрбан айт аталған екі діни мейрамымыз бар. Мәулід, регаип, берат, мираж және қадір кеші сияқты канділ кештеріміз бар. 
Ерекше бір күн ретінде жұма күнінің де өмірдегі орны ерекше. Сонымен қатар ораза айт пен ораза айды да қамтыған “үш айлар” өміріміздің барлық белестеріне жандылық берген маңызды уақыт бөлшегі болып табылады. 
Діни өмірімізде жұма күнінің маңызды орны болғанын білеміз. Пайғамбарымыз жұма күнімен байланысты бір хадисінде мынадай мағлұмат береді: “Үстіне күн туған күндердің ең қайырлы болғаны жұма күні саналады. Адам сол күні жаратылды және сол күні жәннатқа апарылды. Әзірет Адам да жұма күні жәннаттан шығарылды.” 
Пайғамбарамыз басқа бір хадисінде де қиямет күнінің жұма күнінен басқа бір күнде болмайтынын хабарлайды және былай бұйырады: «Адамдардан және жындардан басқа жұма күні таң атып күн батқанға дейін «қиямет бәлкім бүгін болады» деп қорықпайтын ешқандай болмыс жоқ.» 
Сонымен қатар жұма күнінің бір уақытында бір мұсылман намаз қылып Алладан бір нәрсе тілесе егер сол уақытқа тура келсе Алла оған тілегенін сөзсіз береді.» 
Жұма күні азан шақырғанда қолдағы жұмысты тастап мешітке бару парыз. Өйткені бұл Алланың бұйрығы. Осыған байланысты аятта былай бұйырылады: 
«Әй иман еткендер! Жұма күні намаз үшін азан оқылғанда дереу Алланың зікірін, яғни хұтпе тыңдауға және намаз қылуға барыңдар. Қолдағы жұмыстарды тастаңдар. Егер мұны білсеңіз сіз үшін тіпті қайырлы болады.» 
Жұма намазы еркіндігінен айрылғандар, әйелдер, балалар, аурулар және жолаушылардан басқа барлық мұсылманға парыз. Жұма намазы екі рекат. Түскі намаз уақытында оқылады. 
Жұмадан тыс қасиетті күндер дегенде есімізге «үш айлар» түседі. Үш айлар дегеніміз режеп, шабан және ораза айлары болып табылады. 
Мұсылмандардың өмірінде маңызды орын алған үш айлар канділ деп аталған қасиетті кештермен нұрланған, намаз, ораза және зекат арқылы көтерілген, дұға және тәубемен шыңына жеткен. Мұсылмандар осы айларда ұстаған оразалары, қылған намаздары, жасаған дұғалары және еткен тәубелерімен өмірге жандылық әкелген. 
Аталмыш айларда мұсылмандар арасында көмектесу және селбесу сезімдері күшейеді. Адамдар өзін әрқашан тіпті сенім ішінде сезінеді. Жақсылық пен қайыр дұғалары артады. Жақсылық жасаудың ләззәтін татып, жамандыққа қайта оралмауға шешім жасаған адамдардың сандары көбейеді. Осылайша үш айлар сенген адамдарға бір рақымдылық әкелген мезгілдің жалпы аты болған. 
Жер бетін нұрландырған ең таңдаулы маусымның пайдалы бөлімі шүбәсіз ораза айы болып табылады. Сондықтан пайғамбарымыз үш айдармен байланысты дұғасында былай бұйырады: «Жаратушы Алла, режеп пен шабан айларын бізге қайырлы қыл. Бізді оразаға жеткіз.» 
Мұсылмандар үшін ораза айына жету маңызды. Өйткені Құран-Кәрім ораза айында түсірілген, ораза ғибадаты оразада парыз қылынған, сондай-ақ мың айдан тіпті қайырлы бір кеш болған кадір кеші де ораза айына орналастырылған. 
Канділ кештері арасында Регаип пен Мираж кештерінің ерекше орны бар. Адамдар осы канділ кештерімен үш айларға кіргендерін, сондай-ақ Құран айы деп аталған оразаға жақындағанын байқайды. Сондықтан Регаип канділінен бастап істегендерінің діни құндылықтарын ойлай бастайды. Ақпарат көзі...

Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 963 | Ендірген: shamshat | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0