[14.08.2009.] Рамазан - құт-береке айы - 14 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:41
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 1778
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 14 » [14.08.2009.] Рамазан - құт-береке айы


[14.08.2009.] Рамазан - құт-береке айы
00:11
nullБиыл Рамазан айы тамыздың 21-інде басталады. Бұл ай - Алла тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, iзгi ниеттi iске сауабы көп, жыл он екi айдың ең қадiрлiсi. Исi мұсылман қадiр тұтатын қасиеттi Құран Кәрімнің алғашқы аяттары да Алла тарапынан Рамазан айында түсiрiле бастаған. Сондықтан Рамазан айы - Құранның, құлшылық пен тәубе, кешiрiмнiң айы. 
Он сегiз мың ғаламның жаратушысы, құдiретi күштi Алла тағала екi аяқты пендесiнiң мойнына 5 парызды жүктеген. Сол парыздардың бiрi - ораза ұстау. Құран Кәрiмде: «Рамазан - адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Сендерден кiм рамазан айында болса, ораза ұстасын. Кiмде-кiм науқас болып, әйтпесе жолсапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесiн. Алла сендерге жеңiлдiк болуын қалайды, ауырлық түсiргiсi келмейдi», - дейдi (Бақара сүресi, 2/185).
Дайындық жұмыстары басталды
Ғабит МАТКӘРІМОВ, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб-имамы: 
null
- Бисмилләәһир-Рахмаанир-Рахиим!
Үстіміздегі жылдың тамыз айының 21-інде қасиетті Рамазан айы басталады. Рамазан айы - берекелі ай. Мұсылман халқы бұл айды жақсы өткізуге мейлінше әрекет жасайды. Қазірдің өзінде кейбір жамағаттарымыз мешітке келіп, ораза ұстауға ниет білдіріп жатыр. Біз оларға оразаның қадір-қасиеті жайында кеңінен мағлұмат береміз. 
Бір айта кетерлігі, ораза ұстау кезінде мешіт жұмысында аздап өзгерістер болуы мүмкін. Өйткені Рамазан айында мешітке келуші жамағаттың саны артады. Оның үстіне, биыл ораза жаз мезгілімен тұспа-тұс келіп тұр. 
Қазір мешітте қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне аудандардан елуге тарта мешіт қарайды. Біз жасаған жұмыстар аудан мешіттерінде де жүргізілуге тиіс.
Мешітте оразаның биылғы жылғы ауыз бекіту, ауыз ашар кестесі жасалды. Бұл кесте барлық аудандарға таратылады. Бұдан өзге, Рамазан айында жоғары оқу орындары мен мектептерде, мекеме ұжымдарымен кездесу өткізіп, ораза жайында кеңінен түсінік береміз. 
Кімдер ораза тұтпайды?
Ғабит Сақтапұлының айтуынша, Рамазан айында ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар бар.

- Ауруға шалдыққан немесе ораза тұтқанда ауруы асқынатын кісі ораза тұтпайды. Егер ол кісі Рамазан айында ораза тұтқан болса, ауыз аша алады. Өйткені ауруға қарайтын кісі де ауру үкіміне жатады, яғни ауруға қарауда қиналатын болса, ораза тұтпауына болады. Сол сияқты 104 шақырым алысқа сапар шеккен кісі 15 күннен аз қалатын жерінде сафари (жолаушы) болады. Жолда қиындық туындаса, жұмысына кедергі болса немесе қазаға қалатындай бір жағдайға тап болса, онда ол кісі оразасын қазаға қалдыруына болады. Бұл туралы хадис шәрифте: «Сапарда қиындық туғанда ораза ұстау дұрыс емес», - делінген. Сондай-ақ, өзіне не баласына бір зияны туатын болса, жүкті және емізулі баласы бар әйелдер де ораза тұтпайды, - деді наиб-имам.
Рамазан айында қатты аштық немесе шөлдеуге тап болып, өлім қаупі немесе ауырып қалу жағдайына жолыққан кісі де оразасын аша алады. Сол сияқты өте қарт кісі ораза тұта алмайтындай халде болса, тұтпайды. Егер ондай жанның күш жинау мүмкіндігі де болмаса, ораза тұтпаған күндері үшін фидия береді. Отыз күннің фидиясы - 53 келі ұн.
- Рамазан шәриф айында ораза тұту - үлкен сауап. Ешқандай себепсіз ораза тұтпау да үлкен күнә болады. Хадис шәрифте пайғамбарымыз: «Себепсіз Рамазанда бір күн ораза тұтпаған кісі оның орнына жыл бойы ораза тұтса, Рамазандағы әлгі бір күндік сауапқа жете алмайды», - деп жазылады. Дегенмен жоғарыда айтқанымдай, діни бір себебі болса, ораза тұтпау күнә емес, - деді Ғабит Сақтапұлы.
Оразадан күтілетін пайдалар
Ораза тұтқан кезде Ислам дінінің басқа бұйрықтарына да мән берілуі керек. Оларға мән берілмесе, тұтылған оразаның сауабы азаяды немесе жоқ болады. Оразаның және басқа бұйрықтардың мақсаты - дұрыс адам болу. Ораза тұтқан адам жаман істер жасайтын болса, оразадан күтілген пайдаға қол жеткізу өте қиын. Хадис шәрифте: «Қаншама ораза тұтқан адамдар бар, олар ашығу мен шөлдеуден басқа ешнәрсе ала алмайды».
Оразадан күтілген үлкен пайдаларға қол жеткізу үшін жақсы нәрселерден тыятын жағдайлардан сақтану керек. Яғни оразаның сауабын сақтау үшін тілді түрлі жамандықтардан қорғау керек. Ғайбаттаған адам мен оны тыңдаған адам күнәға ортақ болатындықтан харам нәрселерді тыңдаудан құлақты сақтау керек.
Көзді, тілді, құлақты жамандықтардан қорғау секілді қол, аяқ және басқа мүшелерді де харамдар мен күмәнді нәрселерден қорғау - ораза сауабын сақтаудың басты қажеттіліктерінің бірі.
Пітір садақасы - 100 теңге
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб-имамы Ғабит Маткәрімовтің айтуынша, биыл пітір-садақа мөлшері - жан басына 100 теңге.
- Өзіне қажет заттардан, қарыздарынан артылатын малы және ақшасы бар әрбір мұсылман Рамазан айында Айт намазына дейін пітір беруі - уәжіп. Сапардағы адамның да пітір беруі керек, - деді ол.
Пітір ретінде 1750 грамм бидай немесе бидай ұны, 3,5 келі арпа, құрма немесе кепкен жүзім беріледі. Осылардың бағасымен есептеп алтын немесе күміс беруге де болады.
Тарауих намазы
Тарауих - Рамазан айына ғана тән 20 рәкаттық намаз. Ол «тынығу, демалу, рахаттану» деген мағынаны бiлдiредi. Рамазан айында Тарауих намазын оқу - Ислам рәмiзiне жатады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кiмде-кiм Рамазан намазын (тарауихты) шын көңiлiмен сауабын Алла Тағаладан күтiп оқыса, оның өткен күнәлары кешiрiледi», - деп үмметтерiнiң сауабы мол намазды оқуға деген құлшынысын арттыруға тырысқан.
Қадір түні
- Қадір түні - Рамазан айының ішіндегі және Құран Кәрімде мадақталған ең қадірлі түн. Бұл туралы аятта: «Қадір түні мың айдан қайырлы», - деп жазылған. Құран Кәрім Расуулуллаһқа осы түні түсе бастады. Ата-бабаларымыз «әр келгенді Қадыр біл, әр түніңді Қадір біл» деген. Рамазанның барлық түнін ғибадатпен өткізсек, қадір түніне кездескен боламыз, - деді наиб-имам.
Бұл түнді ғибадатпен өткізу үшін Құран Кәріммен бірге қаза намазды оқу керек. Дұға және тәубе жасалып, садақа беріледі, бұлардың сауаптарын өлі-тірі барлық мұсылмандарға арнау - сауап іс.

Ескеретiн жайттар
Оразада таңертең күнде ниет ету және ұйқыдан оянып, сәресiнi iшу - сауап. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) хадисiнде: «Сәресi тамағы - берекет. Бiр жұтым су да болса, оны тастамаңдар. Өйткенi Алла тағала сәресiде тамақтанғандарға рақымдылық етiп, перiштелерi де олар үшiн кешiрiм тiлейдi», - деген. Ақшам намазын кешке ауызашардан кейiн оқу да сауапты iс. Сонымен қатар
«мен - оразамын» деу де сүннет. Егер бiреу ораза ұстаушыға дауыс көтерiп сөйлесе, керiскiсi келсе, «мен - оразамын» деп ескертуi тиiс.
Ораза мүбәрәк болсын, ағайын! www.aktobegazeti.kz

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 1375 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 1.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0