Арқалық қаласы Әділет басқармасында ағымдағы жылдың 27 шілдесі күні дін саласында адасушылыққа бермеу және алдын алу, ескерту мақсатында Арқалық қаласының кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Дін қоғам өмірінде» тақырыбында семинар өткізілді. Кітапхана қызметкерлерін жоғарыда аталған тақырып бойынша семинарға шақырудың себебі, бұл қызметкерлер қоғаммен, қала жұртшылығымен мәдени және рухани жағынан жұмыс жасауы болып табылады. Өмірде рухани таным-түсінігі, мақсат-мүддесі ортақ адамдардың берік шаңырақ құратыны, тату-тәтті достық қарым-қатынаста болатыны баршамызға белгілі. Сондықтан да, елімізде конфессияаралық түсіністік, сыйластық, рухани келісім күннен-күнге нығайып, осындай ахуал аясында республика халқының басым бөлігін құрайтын мұсылмандар мен православиялық христиандар арасында діни сенімді құрметтеу берік орнығып отыр. Оған конфессия басшыларының адами, әлеуметтік, имани, парасаттық деңгейлері де өзінің игі ықпалын тигізуде. Осындай бағытпен қала жұртшылығы арасында, әсіре оқырман халыққа насихаттау ниетімен кітапхана қызметкерлері семинарға шақырылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының үшінші құрылтайынан кейін елімізде ішкі тұрақтылықтың сақталуы, тәуелсіздік тұғырының берік болуы, соған негіз қалау біздің дін жолындағы қызметіміздің басты бағыттарының бірі болып, бұл бастама православие христиандарының жаңа дін басшысы тарапынан да қолдау тапты. Қазір ел тағдырына, ұлтаралық, дінаралық татулыққа қатысты іс-тәжірибе алмасу, бірлесе жұмыс жүргізу республикамыздағы басты екі дін арасындағы өзара сыйластықтың үлгі-өнегісіне айналуда. Осындай бірлік пен берекелі тірлік орнатуға ұмтылған семинарда ұлтаралық, дінаралық татулықты және рухани келісімді нығайтудағы, Қазақстанды гүлдендіріп көркейтуге біздің осындай мақсат-мүдделерімізді жемісті жүзеге асыруымызды Алла тағалы нәсіп етуі тіленді. www.minjust.kz
|