|
|
 | |  |
Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 15 » [15.08.2009.] Діннің қоғамдық–саяси өмірдегі рөлі
[15.08.2009.] Діннің қоғамдық–саяси өмірдегі рөлі | 16:57 | 2009 жылдың 12 тамыз айында Жамбыл облысының «Һибатулла ат-Тарази» атындағы орталық мешітінде Әділет департаменті діни істер бөлімінің қызметкерлері, облыс әкімиятының ішкі саясат бақармасы мен Тараз қалалық әкімиятының ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, Жамбыл облыстық ІІД жанындағы экстремизм, терорризм, сепаратизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері, аудандық мешіт имамдары мен облыстық ортылық мешіт қызметкерлерінің қатысуымен «Діннің қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі» - атты семинар өтті. Семинар-кеңесте облыстық Әділет департаменті діни істер жөніндегі бөлімінің бастығы Б.І. Әмірбеков діни бірлестіктер мен филиалдарды тіркеу және таратуда кездесетін көкейкесті сауалдарға жауап берді. Атап айтқанда, қойылған сауалдардың көпшілігі мешіттерді Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының филиалы ретінде есептік тіркеуден өткен кезінде олардың орналасқан мекен-жайын растайтын құжаттарын тіркеуші органға уақтылы ұсынбауы және заңды тұлғаны, филиалдарды тарату процесінде салық органдары ұсынатын бюджет алдында қарызы жоқ туралы анықтаманы алу қиыншылықтары жайлы болды. Семинар-кеңес нәтижесі бойынша жоғарыдағы айтылған өзекті мәселелер бірауыздан шешіліп, келешекте облыстық имамдардың жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары және Әділет департаменті Діни істер бөлімімен бірлесіп қарым-қатынаста жұмыс атқаруға шақырды. Жамбыл облысы Әділет департаментінің Діни істер жөніндегі бөлімі. www.minjust.kz
|
|
|
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.
© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
|
|
|
|