|
|
 | |  |
Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 15 » [15.08.2009.] Ислам – бейбітшілік діні
[15.08.2009.] Ислам – бейбітшілік діні | 17:05 | Атырау облыстық Әділет департаменті. Адамзат баласының даму тарихы көрсеткендей, дін деген тек жаратушыға деген сенім ғана емес, сонымен қатар, үлкен рухани тәрбиенің тетігі. Әлемде Алланың жаратушы екенін мойындайтын негізгі үш дін бар десек, соның ішінде Қазақстандағы негізгі ең таза, хақ дін Ислам діні. Ислам - әлемдік дін. Сонымен бірге ол өркениет әлемі. Ислам дінінің өз ережесі мен ұстанымдары мен заңдары бар. Ислам адамның діни наным сенімдерін өз еркіне қалдырады. Ол туралы құранда былай делінген: «Қалаған адам иманға келсін, қаламағаны кәпір бола берсін» Исламда зорлау, жәбірлеу тіптен болмайды. Керісінше жылы кеңес, сабырлы сұхбат сендіру арқылы, иманды адам жүрегіне ұялатады. Ислам қарапайымдылықты нұсқайды. Әдепсіздік істерден және заңсыз әрекеттерге тиым салады. Исламда кішіпейілдікке үндей отырып, жамандыққа жақсылықпен жауап беруді бұйырады. Ислам шариғатының басты мақсаты – адам баласының құқығын, өмірін, отбасы мен дүние мүлкін қорғау болып табылады. Дін – адам баласының рухани жан дүниесінің айнасы, рухани мәдениетті қалыптастырушы ғана емес, ол сондай-ақ бүгінгі күні түрлі ұлттар мен ұлыстардың басын қосып біріктіру қызметін де орындап жатыр. Қазақстанға асыл дініміз Ислам келген уақыттан бастап, халықтың рухани һәм әлеуметтік әлеуеті, мәдени мұралары, салт-санасы, әдет ғұрыптары кемелденіпғ өсіп-өркендеп келеді. Тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңге дейін Қазақстанда жеке діни орталық болмаған еді. Мұндай орталық көршілес Өзбекстан елінде жұмыс жүргізген болатын. Егемендікпен бірге дініміздің де бостандық алғаны белгілі. Бұл әрине, кез-келген мұсылман үмметі үшін өте қуанышты жайт. Алайда, «медальдың екі жағы бар» демекші діни сенім бостандығымен бірге елімізге көптеген конфессиялардың да кеңінен ағылуына да жол ашылды. Азаматтарымыз осығын дейін, естіп білмеген неше түрлі ағымдар елдік аренаға шықты. Көптеген қандас бауырларымыз, жастарымыз небір жат ағымдардың жетегіне еріп кеткендігін көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. Қазіргі таңда біздің қоғамда елдің рухын көтеріп, отаншылдық сезімін ояту күшейту қажет. Асыл дініміз арқылы ертеңгі күнге, қазақ елінің болашағына ұлттық бірлігімізді нығайтуға қызмет етуіміз керек деп санаймыз. Пайғамбарымыз өзінің хадистерінде «Мұсылман-мұсылманға бауыр» дейді. Яғни, бұдан діннің бірлікке, ынтымаққа шақыратындығын көреміз. Және де біздердің тарапымыздан осыған лайықты іс-әрекеттер жасалуы тиіс. Атырау облыстық Әділет департаментінің баспасөз қызметі. www.minjust.kz
|
|
|
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.
© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
|
|
|
|