[17.08.2009.] Ақтөбе облысы бойынша пітір садақасы - 100 теңге
00:04
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб-имамы Ғабит Маткәрімовтің айтуынша, биыл пітір-садақа мөлшері - жан басына 100 теңге. - Өзіне қажет заттардан, қарыздарынан артылатын малы және ақшасы бар әрбір мұсылман Рамазан айында Айт намазына дейін пітір беруі - уәжіп. Сапардағы адамның да пітір беруі керек, - деді ол. Пітір ретінде 1750 грамм бидай немесе бидай ұны, 3,5 келі арпа, құрма немесе кепкен жүзім беріледі. Осылардың бағасымен есептеп алтын немесе күміс беруге де болады. "Ақтөбе" газеті.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.