Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән және Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), оның отбасына, сахабаларына Аллаһ Тағаланың рахметі болсын. Аллаһ Тағала қасиетті Құран кәрімде «Әлде кім тазарса, ол құтылды. Ол Раббыңның атын еске алып, намаз оқыды» (Бұл айт намазы). (Ағла сүресі, 14-15 аяттар). Кейбір тәфсірші ғалымдардың айтуы бойынша «Тазарса» деген сөз пітір садақаны берген адамды білдіреді. «Ол Раббының атын еске алып» деген айт намазында тәкбір айтуды білдіреді. Ибн Хузимат Касир Абдулладан риуаят етеді, ол өз әкесінен естігенін айтады, ал ол өзінің атасы айтқан хадисті келтіреді: «Расулулладан (с.ғ.с.) әлде кім тазарса, ол құтылды. Ол Раббының атын еске алып, намаз оқыды» - деген аяттың мағынасын сұрады. Бұған Расулулладан (с.ғ.с.) бұл екі аятты Аллаһ Тағала пітір садақа туралы түсіргенін айтты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айт мерекесінің алдында бір күн бұрын елге құтпа оқып, пітір садақа берулеріне әмір еткен. Жалғасы мұнда...
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.