Рамазан айында жасалатын ғибадаттар. Ислам дініндегі ғибадаттардың бірі болған Рамазан айы күллі Ислам әлемімен бірге Түркияда да бүгін басталды. Ораза күннің шығуы мен батуына дейін жалғасқан бір күн бойынша ішіп-жеу, жыныстық байланыстар сияқты адамдарға қажетті нәрселерден өз еркі бойынша алыс тұруды қажет ететін бір ғибадат. Бір ай жалғасатын рамазан айы өзге Ислам елдерінде болғанындай Түркияда да қуанышпен өтеді. Рамазан үш бөлімнен құралады. Біріншісі, Рамазан айының алдында жасалатын дайындықтар. Бұл дайындықтар мыналар: Сәресі мен ауыз ашар үшін қажетті сауда-саттық жасау, мешіттерде діни іс-шаралар үшін дайындалу, жанұялар мен өзге мекендерде сәресі мен ауыз ашарға шақыруға дайындалу, ораза ұстайтындардың өзін оразаға психологиялық жақтан дайындауы және басқалары... Екінші сатысы болса, Рамазан айы бойынша жасалатын діни, әлеуметтік және мәдени іс-шаралар. Оразаның бастауымен сәресі ішу, ораза біткенде ауыз ашу тағамы және осы айға арналған теравих намазына бару басты өткізілетін қимылдар. Үшінші сатысы, Рамазан айының соңында, яғни 20-22 қыркүйек арасында тойланатын Ораза Айт мерекесі. Ислам сенімінде рамазан әрі ораза ұсталатын ай болғандықтан, әрі Құран Кәрім Әзірет Мұхаммедке түсіріле бастаған ай болғандықтан қасиетті. Әсіресе осы айдың соңғы он күні ішінде орын алатын Кадір кеші Құранда мың айдан тіпті игілікті ай деп қабылданады. Осы ерекшелігіне орай қалаған мұсылмандар осы ай ішінде ауыз бекітумен бірге Құран оқиды. Кейбіреулер Құранды бастан-аяқ оқып, хатим түсіреді. Ал кейбіреулер Құранның мағынасын оқып, үндеулерін түсінуге талпынады. Әл-ауқаты жақсы болғандар ораза айы бойынша көп садақа мен зекет таратып, кедейлерге көмектеседі. Түркияда басқа діни ғибадаттарда және іс-шараларда болғанындай ауыз бекітіп-бекітпеу адамдардың жекеше талғамы. Кейде ораза ұстағандарға қарсы жасалған қысымдар баспасөздерде орын алса да мұндай оқиға жалпы жағдайды көрсетпейді. Статистикаларға қарағанда Түркия халқының 75-80 пайызы ораза ұстайды. Бұл мағлұмат әрі азаматтардың ораза ғибадаттарына ерекше көңіл бөлгенін, әрі ораза ұстау жөніндегі еркіндік деңгейін көрсетеді. Ораза айы діни жағымен қоса әлеуметтік, мәдени және экономикалық іс-шараларды да қамтиды. Ораза айы бойынша жасалған бұл іс-шаралар азаматтардың жиі-жиі бас қосуын және қарым-қатынаста болуын қамтамасыз етеді. Жанұялар, азаматтық ұйымдар, фирмалар және барша қауым ораза айы бойынша берілген қонақасылар арқылы бір-бірімен қою араласады. Осының нәтижесінде жанұялардағы және қоғамдағы көмектесу сезімдері күшейеді. Әсіресе үлкен қалалар мен аудандарда құрылған ауыз ашар шатырлары осы процесте маңызды роль атқаруда. Кейбір мамандар осы жағдайда туылған көріністі социологиялық және діни тұрғыдан сындағанымен, бұл ұзақ жылдан бері ораза айларының дәстүріне айналып кетті. Рамазан айы бойынша Түркияда дәстүрге айналған басқа бір жағдай теледидар мен баспасөз кеңселерінің жариялаған ерекше бағдарламалары болып табылады. Негізінен барлық теледидар мен радио арналары сәресі мен ауыз ашатын уақытта діни, мәдени және әлеуметтік мазмұндағы бағдарламаларды жариялайды. Бұл бағдарламаларда мамандардың көзқарастарына орын береді. Халықтың көңілін көтеретін ән-би бағдарламалары ұйымдастырылады. Діни мазмұндағы фильмдер көрсетіледі және тағы басқа іс-шараларға орын беріледі. Бұл таралымдар қауымның салт-дәстүр, мәдениет және өмір тіршіліктерімен қатысты сауаттарының арттырылуына үлес қосады. Ораза айы дәстүрлері арасында ораза дабылы, сәресі зеңбірегі, құттықтаулар, қадір кеші сияқты белгілі уақытта жасалатын іс-шаралар өте қызықты. Ұқсамаған саяси және діни сенімге ие барша азаматтар ораза айын бейбітшілік, тыныштық ішінде өткізеді. Сонымен бірге осы айдың соңында тойланатын Ораза Айт мемлекет ресми демалыс күні ретінде қабылдаған және барша азаматтар қызу құттықтаған бір мейрамға айналды. Қорытып айтқанда ораза айы Түркияда әрі қауымның басым көпшілігі тарапынан, әрі мемлекет тарапынан ұнатылғандықтан саяси жақтан ешқандай бір мәселе ретінде қаралмайды. Авторы: Рамазан Гөзен. www.trtkazakh.com
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.