[22.08.2009.] "Асыл арна" ислами-ағартушылық телеарнасы ашылды - 22 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:36
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 1778
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 22 » [22.08.2009.] "Асыл арна" ислами-ағартушылық телеарнасы ашылды


[22.08.2009.] "Асыл арна" ислами-ағартушылық телеарнасы ашылды
04:48
null20-шы тамыз күні, сағат 10:00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының бас ғимаратында елімізде алғаш рет «Асыл арна» ислами-ағартушылық телеарнасының ашылу салтанаты өтті. Оған Бас мүфти, шейх Әбссаттар қажы Дербісәлі бастаған облыс, аудан имамдары мен белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, спорт майталмандары және жергілікті жұртшылық қатысты. Тұсаукесер рәсімінде сөз алған Әбссаттар қажы «Бұл телеарнаны ашу ісін осыдан үш жыл бұрын қолға алған болатынбыз. Сонда осы игілікті істің бастамасы туралы дін жанашырлары мен жомарт жандарды құлағдар етіп, қол ұшын созуды сұраған едік. Енді міне, Аллаһ тағаланың нәсіп етуімен бүгін сол «Асыл арнаның» ашылу күніне де жетіп отырған жайымыз бар. Ислами-ағартушылық бағытта болғандықтан арнаның алға қойған мақсаты мен міндет-мүддесі бары анық. Мәселен, ата-бабамыз ұстанған Әбу Ханифа мәзхабы бойынша телеарна ұжымы тағылымды хабарлар таратады. Оған қоса, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясаты арқасында адалдықтың ақ туын биік ұстау арқылы дініміздің көкжиегін кеңейтуде тыңғылықты тірлік атқаруы маңызды болмақ, - деп шапағатты мол шарапатты тірліктің баянды боларына сенімі кәміл екендігін айтты. Одан соң қалың бұқара алдына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Тұрарұлы Сейдуманов шығып, «Асыл арна» телеарнасы бүкіл қазақ елі күткен қуанарлық жайт. Тәуелсіздік алғалы бері тұңғыш рет республикамызда ашылып отырған телеарнаның мұсылман жамағаты үшін пайдасы мол», - дей келе, өзінің жүрекжарды ыстық лебізін де жеткізді. Жастар атынан сөйлеген Сидней олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбрайымов былай деді: «Бүгінгі буынды имандылыққа тәрбиелеу ісі күн тәртібінен түспеуі тиіс. Аллаһ тағалаға шүкір, қазір жастар мешіттерге барып, медреселерде оқып жүргені нұр үстіне нұр. Жас ұрпақтың бойларына имандылықтың нәрін сіңіруде телеарна тиімді тетіктердің бірі». Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, филология ғылымдарының докторы Сәрсенбі Дәуітұлы, тарих ғылымдарының докторы Талас Омарбеков секілді басқа да атпал азаматтар арнаның ел үкілеген үміт үдесінен көрінетініне зор сенім білдірді. Салтанатты жиын соңында «Асыл арнаның» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабек: «Қазіргі таңда телеарна ашу ісі қиынға соғатын әрі қыруар қаржыны қажет ететін көкейкесті мәселе. Қаржы дағдарысы алқымнан қысқанына қарамастан, жомарт жандардың көмек көрсетуімен арна қуатты қадамын нық басқалы тұр. Телеарнаның міндеті – ислам дінінің асыл құндылықтары мен қасиеттерін көпшілікке көгілдір экран арқылы жеткізу болып отыр. Сондықтан бағдарлы бағыттан бір адым шеткері кетпей, халыққа тура жолды көрсетуге барынша күш-жігерімізді жұмсаймыз. Өйткені, «Асыл арнаның» атына заты сай телеарна боларына ешқандай дау жоқ», - деп өз сөзін қорытындылады.  
Қатысушыларға телеарна ұжымы жұртқа таныстыру мақсатында шығарылған «Асыл арна» жөніндегі жорнал мен қасиетті Рамазан айының күнтізбесін тегін үлестіріп берді. www.asylarna.kz

Категориясы: Хабарландырулар, құттықтаулар | Көрілді: 1713 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0