Кеше тамыз айының 21-ші жұлдызы, жұма. Сонымен қатар ораза айының алғашқы күні. Бүгіннен бастап ораза ұстау, сәресіге тұру, ораза ашу, теравих намазы және қадір кешімен ораза айына кіреміз. Ораза айының мұсылмандардың өмірінде ерекше бір орны және мағынасы бар. Ұлы Алла Бакара сүресінде былай бұйырады: “Ораза айы Құран Кәрімнің түсірілген айы. Құран адамдарды шындыққа жеткізеді, адал мен арамды діни бұйрық бойынша бір-бірінен айырған. Кім егер дайын болса ораза айында ораза ұстасын.” Құран Кәрімде ораза айынан басқа ерекше ай жоқ. Ораза айы - Құран Кәрім осы айда түсірілуіне орай ерекшеленеді. Құран Кәрімнің мұсылмандар үшін маңыздылығын түсіндірудің қажеті жоқ. Өйткені Құран Ұлы Алланың адам баласына жіберген діни мәлімдемелерін жинақтаған кітабы. Сол себепті діни және ахлақтық мағлұматтарымыздың тұңғыш қайнар көзі болып табылады. Құран “Аллаға шынайы сенген адамдар үшін жол көрсетуші”, “Мұсылмандар үшін сүйінші беруші” және “Дұрыс пен бұрысты айырушы” бір өлмем саналады. Мұның тысында Ұлы Алла Исра сүресінде Құран Кәрім жөнінде “Біз Құранмен мұсылмандар үшін шипалы және игілікті нәрселер түсірдік” деп бұйырады. Ибрахим сүресінде де Ұлы Алла Құранды “Адамзатты қара түнектен құтқарып, жаратушысының рұқсатымен мейірімді болған Алланың жолына түсіруің үшін саған жіберілген кітап” деп таныстырады. Құранның адамзатты қара түнектен нұрлы дүниеге жеткізуінің мағынасын адамдарға жаңа бір өркениет құратын рух беруінен іздеген жөн. Өйткені Құран сенім жүйесін, ғибадат түсінігін және әлемдік көзқарас әкелу арқылы адам баласына жаңа рух пен мінез-құлық сыйлаған. Осы таңдағы адамдар Құранның ой жүйесін түсінбегендіктен қиыншылықтар шегуде. Құран әкелген ой жүйенің түйінінде иманның негізі бар. Иман етілуі білдірілген негіздерді Құран Кәрімде былай көрсетеді: “Пайғамбар Жаратушысы тарапынан өзіне жіберілгендерге сенді. Мұсылмандар да сенді. Барлығы Аллаға, оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына сенді.” “Әй иман еткендер! Аллаға, оның пайғамбарларына, пайғамбарларына жіберілген кітаптарына және одан бұрын жіберілген кітаптарға иман етіңіздер. Егер кімде-кім Алланы, оның періштелерін, кітаптарын, пайғамбарларын және ақырет күнін мойындамаса ол жолдан шыққын болады.” “Иман деген не?” деп сұралғанда Пайғамбарымыз былай деп жауап берген: “Иман-Аллаға, оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне иман етуің. Сонымен қатар тағдырға, яғни жақсылық пен жамандықтың Алла тарапынан жаратылғанына сену.”
Баршаға аян Құран әкелген сенім жүйесінің негізінде алты түйінді ереже бар. Олар мыналар: 1. Аллаға, 2. Періштелеріне, 3. Кітаптарына, 4. Пайғамбарларына, 5. Ақырет күніне, 6. Тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Алла тарапынан жаратылғанына сену. Аталмыш алты негіз иманның кем болса болмайтын шарттары болып табылады. Сондықтан осы алты негіздің біріне сенбеген кісінің Құранда айтылған мағынадағы бір сенім жүйесіне ие болуы мүмкін емес. Ораза айының маңызды бір ерекшелігі де ие болған сенім негіздерімізді және олармен болған байланысымызды қайтадан көзден кешіру мүмкіндігін жаратуы. Ораза айының мұсылмандардың әлеуметтік өміріндегі орны бөлек. Ораза айымен бірге өмірімізге кірген ораза әрі жеке басымызға, әрі әлеуметтік өмірімізге әсер жасайтын бір ғибадат. Ораза ұстау арқылы бір жыл бойынша әдетке айналған ішіп-жеу уақыттарымызды түбегейлі өзгертемез және өмірдің судай тез өтіп бара жатқанын түсіну мүмкіндігіне ие боламыз. Сәресі, ауыз ашу, теравих намазы арқылы ораза ұстаған адамдарға өзгеше ләззәт берген ораза ғибадаты жөнінде, әрине айтылатын сөздер өте көп. Дегенмен ораза туралы мынаны да айта кеткен жөн: Тастағысы келсе де тастай алмаған әдеттері бар адамдар үшін ораза үлкен бір орай. Ораза ғибадаты адамдарды нашар әдеттерін тастауға жігерлендіреді. Бір айлық уақытпен ұсталуы бұйырылған ораза арқылы Ұлы Алла адамдардың өміріне араласады. Осы діни килігумен адамдар бір жыл бойы өмірдің күйбеңімен елемеген тақырыптарды ойлау, кірбең болған кісілермен байланыстарын жөнге салу және татуласу мүмкіндігін табады. Оразаның діни бір бұйрық болғаны мына аятта баяндалады: “Әй иман еткендер; ораза сіздерден бұрынғыларға парыз болғанындай, сіздерге де парыз қылынды. Орындауыңызды үміт етеміз.” Ораза басқа ғибадаттар сияқты алдымен Алла үшін жасалатын бір ғибадат. Қорытып айтқанда оразаның мақсаты адамдардың жамандықтардан алыстауын, жақсылыққа бет бұруын қамтамасыз ету. Пайғамбарымыздың мына хадистері өте мағыналы: “Кімде-кім егер өтірік айтуды және суайттықпен жұмыс істеуді тастамаса, Алла ол кісінің ішіп-жеуден тиылуына мұқтаж емес.” “Ораза бір қалқан. Ораза ұстаған адам жаман сөз айтпасын. Жаман әрекет жасамасын. Егер бір адам төбелесуге ұмтылса немесе боқтық айтса екі рет «менің аузым берік» десін.” www.trtkazakh.com
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.