[22.08.2009.] ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ БАСТЫ НАЗАРДА - 22 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:23
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 952
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 22 » [22.08.2009.] ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ БАСТЫ НАЗАРДА


[22.08.2009.] ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ БАСТЫ НАЗАРДА
08:16
nullОсы аяда облысымызда  имамдардың 4 күндік семинары өтті. 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен және Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің ұйымдастыруымен қаладағы Түрік балаларды оқыту медресесінде аудан және ауыл имамдарының білім жетілдіру семинары өтті. Алғашқы күн дәріс тыңдаудан басталып, түстен кейін имамдар облыстық ішкі саясат басқармасы Діни істері бөлімінің бастығы Оразбек Қасымовпен кездесу ұйымдастырды. Екінші күні имамдармен кездесу өткізген Әділет департаментінің Діни істер бөлімінің меңгерушісі Үміт Дошымова облысымызда әлі күнге дейін кейбір мешіт құжаттарының дұрыс толтырылмағандығын сөз етті.
Семинардың үшінші күні қасиетті жұма намазын ҚМДБ діни уағыз бөлімінің меңгерушісі Қайрат Жолдыбайұлы орталық мешітте өткізді. Түстен кейін БАҚ өкілдерінің, мемлекеттік орган қызметкерлерінің басын қосқан «Облыстағы діни ахуалды қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оны ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі Нұрбек Әуесханұлы ашып, алғашқы сөзді Қайрат Жолдыбайұлына жолдады.
Қайрат Жолдыбайұлының айтуынша, өзге ағымға кетудің бірден-бір себебі – діни сауатсыздығымыздан. Егер ағартушылық жұмыстармен белсенді айналыссақ, өзге ағымдарға тосқауыл қойып, жастарымыз ата-бабаларымыздың талайдан бері ұстанып келе жатқан Ханафи мәзһабынан ауытқымайды. Содан соң ҚМДБ-ның атынан осы игілікті іске ұйытқы болған мемлекеттік органдарға, өкіл имамдар мен наиб иамамдарға рахметін айтты.
Одан кейін облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Ағиба Қатешова, Ішкі істер департаментінің аға лейтенанты Тұрлан Нұрғалиев сөйлеп, бүгінгі таңдағы ортақ мәселе – халықты дұрыс жолға салу екендігін, мешітке баратындардың арасынан кәмелеттік жасқа толмағандарды адастырмауға тырысу керектігін, осы мақсатта бірігіп қызмет ететіндіктерін баса айтты. Ал Қайрат Жолдыбайұлы «Көп жағдайда дін мен мемлекет бір-бірінен бөлек деп жатамыз. Бірақ дін мемлекеттің саясатынан алшақ емес. Дінсіз қоғам болмаған, болмайды да. Сондықтан зайырлы мемлекетпіз деп діннен бөлектенгенмен, шын мәнінде мемлекет дінді қадағалап, қарап отырады. Еліміздің елдігі мен болашағы – ынтымағында, ал ынтымаққа ұйытқы болатын – дін. Және бөліп, ыдырататын да – дін. Кез келген мәселені мемлекеттік органдар қызметкерлерімен бірлесіп шешеміз. Ол бүгінгі отырыста да көрініс тауып отыр. Сондықтан қандай мәселе болса да өкіл имамға жеткізіңіздер, ол мемлекеттік органдарға жеткізеді», - деп көптен шешімін таппай келе жатырған мәселенің басын ашып берді.
Басқосудан имамдар да өз пікірлерін жасырып қалмады. Олар бүгінгі басқосудың пайдасы мол екендігін, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
Семинардың соңғы күні имамдар өзара бас қосып, биылғы Рамазан айының пітір садақасының құнын келісіп шешті, ол адам басына 120 теңгеден. Сонымен қатар бас имам аудан имамдарына көптеген тапсырмалар жүктеді. Ақпарат көзі.

Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 1007 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0