[22.08.2009.] Темекіні және темекі бұйымдарын сату, алкоголь өнімін өткізу үшін жазаны қатайтатын заң күшіне енді - 22 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
[22.08.2009.] Темекіні және темекі бұйымдарын сату, алкоголь өнімін өткізу үшін жазаны қатайтатын заң күшіне енді
15:43
Қазақстанда он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату, алкоголь өнімін өткізу үшін жазаны қатайтатын заң күшіне енді, деп хабарлайды Kazakhstan Today. Қазақстанда бүгіннен бастап "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енді. Заңға сәйкес, "114-бапта көрсетілгендей, он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы 1. Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, - жеке тұлғаларға - он, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады";
"163-3-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі, сондай-ақ темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату және тарату жөніндегі талаптарын бұзу
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - жеке тұлғаларға - он, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, дара кәсіпкерлерге - отыз бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату, тарату, - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - үш, дара кәсіпкерлерге - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сегіз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге - сегіз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады";
"163-4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу 1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу - жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - жеке тұлғаларға - он, дара кәсіпкерлерге - отыз бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Алкоголь өнімін (сауда үйлерінде, мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда): жұмыс күндері сағат 23-тен таңғы 8-ге дейін, демалыс, мереке күндері сағат 24-тен таңғы 8-ге дейін өткізу - жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - жеке тұлғаларға - он, дара кәсіпкерлерге - отыз бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады"; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға президент Нұрсұлтан Назарбаев 11 тамызда қол қойды.
Заңмен мынадай заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді: 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне; 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына; 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне; "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі); "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына; "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына; "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына; "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына; "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына. Kazakhstan Today.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.