Мәскеудегі басты мешіттердің бірі – Собор мешітіне қасиетті Рамазан айына байланысты ислам дінін ұстанушылар жиналды. Барша елдердегі мұсылмандар тәрізді олар да бұл айды ораза ұстап, намаз оқумен өткізеді. Мәскеудің үлкен мешітінде бірнеше жыл бойы оны кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы жылы Ресей мұсылман қауымы өкілдеріне арналған жеке ғимарат, сондай-ақ ислам мәдени орталығы тұрғызылады. Осы құрылыс жұмыстары аяқталған бойда келесі жылы онда бірнеше мың адам бір мезгілде намаз оқи алады. Биіктігі 70 метрлік мұнара орнатылған. Ресей астанасында барлығы алты мешіт бар. Жыл сайын келушілер саны да өсуде. Қазір олардың саны 1,5 миллион, көпшілігі 35 жасқа дейінгілер. Қазақтың қоғамдық және мәдени орталықтарында жұмыс істейтін қазақстандықтар ораза тұтуда. Бұлар жыл сайын орталық мешітке келіп, отыз күн ораза алдында уағыз тыңдауға жиналады. Ресейде көптеген жігерлі, білімді, ақылды жастар мешіттерге келеді, медіреседе оқиды, ислам университетінде білім алып, балаларын оқытады,-дейді Мәскеу Соборлық мешітінің имамы Марат Аршабаев. Қасиетті оразаның орта шенінде Мәскеудің орталығындағы басты мешіт қасында қайырымдылық «Рамазан шатыры» тігіледі. Онда күн батқан соң қонақтар Түркия мен Иран аспаздары даярлаған тағамнан дәм тата алады. www.khabar.kz
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.