[22.08.2009.] Оразада ғана намазға жығылу дұрыс емес
23:43
Мұсылмандардың ұлық айы – Рамазан келіп, отыз күн ораза басталды. Кейбір адамдар былайғы күні намазға жығылмай, Рамазан айында ғана құлшылық жасайды. Осы дұрыс па?Нұрдәулет НӘЛІБАЙ, Оңтүстік Қазақстан облысы Бұл сұраққа Астанадағы Сәдуақас Ғылмани атындағы мешіттің наиб-имамы Руслан Қамбаров жауап береді: – Тек ораза айында ғана бес уақыт намаз оқитын азаматтар бар. Мұндай азаматтарға «ораза тұтпа», «намаз оқыма» деп айтуға құқығымыз жоқ. Алайда Рамазан айынан басқа уақыттарда да өздерінің мұсылмандық парызы болған ғибадатты үзбей орындағаны абзал. www.alashainasy.kz
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.