[22.08.2009.] Мешіт салған меценаттар кімдер? - 22 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:35
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 1778
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 22 » [22.08.2009.] Мешіт салған меценаттар кімдер?


[22.08.2009.] Мешіт салған меценаттар кімдер?
23:48
nullХалқымыз дінге бет бұрған заманда мешіт салып, халықтың ризалығына бөленген, сауапқа кенелген меценат-саясаткерлердің қатары көбейіп келеді. Оларға Алла разы болсын! «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, олардың аты-жөнін ел білсе деп едік. Қарлығаш Әйтенова, зейнеткер 
Қарапайым пенде ретінде Алла алдындағы парызын орындап, күнге шағылыстырып мешіт күмбездерін көтерген азаматтар туралы толығырақ мәлімет алу үшін ҚМДБ баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбекке хабарласқан едік.
– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде 68 мешіт болса, бұл күндері 2330-ға жетті. Осындай игілікті істерді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастап, жер-жерде облыс әкімдері, кәсіпкерлер, қалталы азаматтар ислам дінінің өркендеп, мешіттердің көбеюіне атсалысты. Бұрындары арабиялық, түркиялықтардың демеушілігімен бой көтерсе, мешіттердің көпшілігін өзіміздің қаракөз азаматтарымыз салып, ел игілігіне жаратты. Олардың барлығының есімдерін атау мүмкін емес, қай-қайсысына да алғысымызды білдіреміз. Кезінде Алматы облысы, Алматы қаласының әкімі болған Шалбай Құлмаханов, Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, Қайрат Сатыбалды, Амангелді Ермегияев, Мақсұт Нәрікбаев, Жүрсін Ерман секілді қолы ашық азаматтар өздері туып-өскен өңірлерде мешіт салып, имандылықты насихаттауда зор үлгі көрсетіп жүр. Кәсіпкер Өмірзақ Сәрсенов мырзаның мешіттің барлық коммуналдық төлемақысынан бастап, керек-жарағы, қарауылына дейін өзі қамтамасыз етіп отырғанын айта кеткім келеді. Кейбір кәсіпкерлер казиноға миллиондап қаржы төккенше, сауап алып, елдің разылығына жеткізетін күмбезді мешіттер тұрғызып жатса, нұр үстіне нұр болар еді, – деді Оңғар қажы Өмірбек. "Алаш айнасы".


Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 1100 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0