[23.08.2009.] Пітір садақа – Оразаның толығы - 23 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:24
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 952
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 23 » [23.08.2009.] Пітір садақа – Оразаның толығы


[23.08.2009.] Пітір садақа – Оразаның толығы
12:12
nullҚұрметті мұсылман бауырлар! Барша айлардың ұлығы, сұлтаны болған қасиетті Рамазан айында шамасы келетін адамдарға һижреттің екінші жылында рамазан оразасы парыз етілген кезден бастап пітір садақасын беру уәжіп саналады.  Бұл туралы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Пітір садақа – сәһу сәждесі сияқты, яғни сәһу сәжде намаздың жаналысқан жеріне каффарат болса, пітір садақа тұтқан оразаның кемшіліктерінің өтеуі» - деді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Ораза тұтқан адамның оразасының сауабы пітір садақа бергенге дейін толық болмас», - деді.
Хазрет Осман (р.ғ.) өз заманында ұмытып кетіп пітір садақасын бермеген-ді. Бірақ уақыт өткен соң есіне түсіп, пітір садақасының каффараты үшін деп бір құлды азат етті. Сол кезде пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Ей, Осман, сен жүз құлды азат етсең де пітір садақасының сауабын таба алмайсың»,- деді.
Пітір садақасы өз уақытында, яғни Рамазан айының ішінде немесе соңғы күні айт намазына дейін беріледі. Айт намазы оқылғаннан кейін берілген пітір жәй садақа болып есептеледі. Дінімізде пітір, зекет сияқты садақалар Алланың ризалығы үшін жасалатын ғибадаттың бір түрі саналады. Пітір садақасының сауабы туралы Пайғамбарымыз (c.ғ.с.): «Кім пітір садақасын берсе, ол пендеге Алла тағала он жақсылық береді», - деп айтқан.

Бұған тоқталар болсақ, олар:
Тозақ отынан азат болар.
Барлық күнәларынан тазарар.
Тұтқан оразасы қабыл болар.
Ол кісіге жәннатқа кіруге уәжіп болар.
Алла тағала ол кісінің осы жылғы істеген істерін қабыл етер.
Қиямет күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шапағат етер.
Сират көпірден найзағайдай жарқ етіп өтер.
Тұтқан оразасы қор болмас.
Мизан таразысында сауап жағы басым болар.
Ол кісінің аты сауап кітабына жазылар.  

Шын ниетімен пітір садақасын берген адамға Алла тағала осындай сауабы мол жақсылықтар береді
Пітір садақасы мен зекетті кімдерге береді деген сауал туа қалса, Алла тағала Құрани Кәрімде бұйырған: «Анығында, садақа тек жоқ- жітікке, пақыр-міскіндерге, зекет жинайтындарға, көңілдерін Исламға сендіруді көздегендерге, құлдарды азат етуге, борышқа батқандарға, Құдай жолына және қиналған жолаушыларға ғана беріледі. Алланың ұйғарымы – осы. Алла бар нәрсені біліп тұрады, парасатпен пайымдайды». Бұл аятта баян етілгендей қандай садақа болса да (зекет, пітір) жоғарыда айтылған сегіз топқа берілуі керек. Дегенмен біздің қоғамда садақалар, әдетте, медресе, Алланың үйі – мешіттерге беріліп жатады. Себебі мешіттер мен медреселер, ғибадатханаларды қаржыландыру осы садақалар мен жекелеген азаматтардің, кәсіпорнын мен мекемелердің қайырымдылық көмегінен құралады. Бұл қаражаттар мешітке коммуналдық қызмет көрсетушілерге, ішкі-сыртқы жөндеу жұмыстарына жұмсалып қана қоймай, алланың үйі - мешітке үміт етіп келген мұқтаж жандарға мүмкіндігіне қарай жұмсалып отырады. Сіз көрсеткен қайырымдылық көмек, садақа Алланың ризалығына жеткізетін игілікті іс, имандылықтың нышаны.
Пітір садақа жылына бір рет берілетін табыстың кішкене ғана бір бөлігі. Аллаһ тағаланың ризалығы үшін пітір садақа берудің ешбір қиындығы жоқ және оны берген адам одан да үлкен сыйлыққа ие болатының білсін. Өйткені, ол-аса құдіретті Аллаһтың уадесі. Пітір садақа беруге барлық мұсылмандар ер және әйел, үлкен және кіші міндетті. Өзін және өзіңнің қарамағындағы өзгелер үшін де, мысалы, әйелің, ұл-қыздарың туыстарың үшін пітір садақа беруге тиістісіз. Ал егер әйелің екіқабат болып бала көтеріп жүрген болса, ол балаға үшін бересіз, ол да хайыр.
Құрметті мұсылман бауырлар! Алла тағаланың ризалығы және ахирет сауабы үшін пітір, зекет садақаларын уақытында беріп, дұға етіп, тілек тілеңіздер. Алла тағаланың рахметінен, пайғамбарымыздың шапағатынан мақұрым қалмаңыздар. Әмин!
Ескерту: Биыл 2009 жылы пітір садақа-100 теңге жан басына. www.altynsarin.ru

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 1428 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0