Иранда Рамазан айы сенбі көрінді. Жоғары мәртебелі жетекші кеңсесінің айды анықтау штабы: жұма күні кешке қасиетті Рамазан айының жарты айы көрінді,-деп жариялады. Иран ТРБ-нің тілшісі хабарлауынша, жоғары мәртебелі жетекші кеңсесінің айды анықтау штабына келіп түскен нақты мәліметтер бойынша, қасиетті Рамазан айының жарты айы жұма күні кешке байқалған, осылайша бүгін х.ш.ж.с.б 1388 жылдың мурдод айының 31 жұлдызы Иранда бірінші Рамазан және ораза ұстау мен тәңір қонағы болу айы. Бұдан бұрын бірнеше исламдық мемлекеттер соның ішінде Индонезия, Кувейт, Ливан, Арабстан және Тунис та сенбі күнін қасиетті Рамазан айының бірінші күні деп жариялады. Осы орайда Пәкістанның айды анықтау орталық комитеті: жұма күні жарты ай көрінбегендіктен бұл елде Рамазан айының бірінші күні - жексенбі,-деп жариялады."Ирандағы Қазақ радиосы"
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.