[23.08.2009.] LG мұсылманша телефондар жасап шығарды.
05:55
Оңтүстік Кореяның LG компаниясы мубарак рамазан айының қарсаңында мұсылмандар үшін LG GD335 және LG KP500N маркалы телефондар жасап шығарғандықтарын жария етті.
Аталмыш телефондар мынадай функцияларды қамтиды:
• GPS және қасиетті Қағбаны көрсетіп тұратын компас
• Намаз уақыттарын көрсетіп тұратын муаззин (яғни азаншы)
• Һижри мұсылман кұнтізбесі
• Зекет калькуляторы
Аталмыш телефондар әдеттегі LG GD330 жәнеLG KP500 Cookie телефондарынан функциялары мен бағасы жөнінде еш айырмашылығы жоқ деп хабарлайды www.itp.net сайты. GD335 және KP500N телефондары қазіргі кезде Біріккен Араб Әмірлігінде даналап 163 US$ және 245 US$ сатылып жатыр.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.