[23.08.2009.] Қасиетті Рамазан айы кей елдерде сенбі басталды
21:03
Газа тұрғындары бүгін таң алдында дауылпаз үнінен оянды. Бұл аймақта жұртшылықты таңғы ауыз бекітер ифтар асына ояту қызметі бар екен. Осылайша Таяу Шығыстағы мұсылмандар үшін Рамазан айының бірінші күні басталды. Рамазанның басталуын әр ел мен қауымның дінбасылары, муфтилері және имамдары өздері анықтайды. Бір елдерде олар астрономиялық есептеулерге жүгінеді. Ал кейбір жерлерде айдың шеті, яғни, ең жіңішке орағы көрінсе, Рамазан айы басталды деп жарияланады. Сенбі әлемдегі ең ірі мұсылман елі Индонезияда да Рамазан айының бірініш күні. Жұма күні кешкісін миллиондаған адам елдегі мешіттерге алғашқы Тарауық намазына ағылды. Индонезияның жергілікті билік орындары мұсылмандар басым тұратын жерлерде көңіл көтеретін орындар мен түнгі клубтарды Ораза аяқталмайынша жауып қоюға шақырды. Ал кейбірінің иелері мейрамханалары мен дәмханаларын күндіз де жауып қою туралы шешім қабылдады. Хабар агенттігі.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.