[24.08.2009.] Ақтаудағы орталық мешітте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мұсылмандарды ораза айымен құттықтады - 24 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:23
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 952
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 24 » [24.08.2009.] Ақтаудағы орталық мешітте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мұсылмандарды ораза айымен құттықтады


[24.08.2009.] Ақтаудағы орталық мешітте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мұсылмандарды ораза айымен құттықтады
13:32
nullАқтаудағы орталық мешітте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мұсылмандарды ораза айымен құттықтап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұйрығымен облыстың өкіл имамдығына келген жаңа бас имамды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ислам дінінің ең қасиетті де, құрметті айы Рамазанды қарсы алған жамағатты құттықтап, ораза ұстаған жандардың ниеттерінің қабыл болуына тілектестік білдірді.
Облыстың соңғы жылдары қол жеткен жетістіктеріне тоқталған Қырымбек Елеуұлы маңғыстаулық жамағат алдында жаңа өкіл имам, Бекет ата мешітінің бас имамы Тілепберген Алламжарұлы Жакиевтің жұмысына сәттілік тіледі.
Ал көп жылдар бойы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстаудағы өкіл имамы, орталық Бекет ата мешітінің бас имамы қызметін абыроймен атқарған Дүйсен қажы Хасниязовқа алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Орталық мешіттің уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Айғабыл Шәденов уағыз айтып, жиналған қауымның ораза турасындағы сұрақтарына жауап берді.
Ораза тұтқан жан ғибадаты қабыл болуы үшін неден тиылып, неден сақтануы керек, оразаның кімдерге парыз екендігі, оразаның бұзылатын және бұзылмайтын кездері, пітір садақасы сияқты сан алуан сауалдар жауабын тапты. Ал мешіт ақсақалдары игі тілекпен ақ батасын берді.
АҚТАУ. ҚазАқпарат. 
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 1117 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0