[24.08.2009.] Сатқындық па әлде адасу ма? - 24 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:24
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 608
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 24 » [24.08.2009.] Сатқындық па әлде адасу ма?


[24.08.2009.] Сатқындық па әлде адасу ма?
16:48
nullДін тарихына көз жіберсеңіз ізгілік тек жеткізуден тұрады екен. Ұлтымыз Ислам жолын атамзаманнан бері ұстап келе жатыр. Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізге миссионері бар, басқасы бар әйтеуір біздің мемлекетті мойындамайтын дін таратушылар ағылды.
Қазақ халқы үйіне жылан екеш жылан да келе қалса, басына ақ тамызатын халықпыз. Бірақ ұлтымызды улап жатқан жылан тектес арам пиғылды дін таратушылар шағып жатыр, улап жатыр, шырмап жатыр.
Осы күні елімізде кришнаит, сатанизм, уахавизм, иудеизм т.б. діндер көп тарап кетті. Солардың бірі – Иегова куәгерлері. Барлығымыз солармен бір рет болса да кездескеніміз рас. Қазір де Тараздың көшелерінде жұп жұп болып жұптасып жүрген Иегова куәгерлерін көруге болады. Онымен қоса үйіңіздің есігін қағып алдыңызға келеді. Барлығының мақсаты бір Иегова дінін насихаттап тарату. Кенеттен сізге күлімсіреп тұрып күтпеген сұрақ қояды «Сіз бақыттысыз ба?» немесе «Әлемде болып жатқан соғыс, зілзалалардың себебі неде деп ойлайсыз?» т.с.с. сұрақтың жауабына біраз ойланып тұрған мезетті пайдаланып, «Құдайға баратын жолдар көп. Сіз Ислам дінімен барасыз ба, басқа жолмен бе, ол маңызды емес» деп қармағын лақтырып жібереді. Олармен сөйлесіп, қазақ ұлтының намысын, ділін қорғап, «Ислам діні ата-баба аманат еткен дін, сіз қазақсыз, қазақ ешқашан, қандай қырғын соғыс болмасын дінін сатпаған» деп айтып, райынан қайтаруға тырысасыз. Бірақ бәрі бекер, санасы әбден уланған, сөзіңе құлақ аспайды. Осылайша кейбір әлсіз, рухани аш жүректер алданып, бөтен діннің шырмауына кетіп бара жатады. Менің ойымша, осы дін таратушылардың шырмауына көбінесе рухани әлсіз, жалғыздықтың зардабын шеккен бақытсыз адамдар, үлкен отбасы болса да, туған туыстарының қасында отырып-ақ өзін жалғыз сезінген адамдар. Алдына келіп біз көппіз, біз сені жарылқаймыз, сені жақсы көреміз деп арбап алдап тұрса ой-санасы, бекімеген оқушылар немесе студенттер, өмір бойы рухани сауатын ашуға, ділін ойлауға күн көріспен арпалысып жүріп, шамасы келмеген зейнеткерлер ата-бабалар ғасырлар бойы аманат қылып кеткен Ислам дінінің мәніне, құндылығына ой жібермей, басқа діндегілердің тегін таратқан тамағына, берген ақшасына қызығып, өз дінін жатсынғандар. Сонымен қатар, олардың арасында тепсе темір үзетін, өзін алдаумен жүрген қара көз азаматтарымыз да кездеседі.
Сатқындық па әлде адасу ма? Олар бөтен діннен не табады, не іздейді, «мәңгілік өмірді» табам деп ниеттенеді ме? Ата – баба дінін сатса өзін батыр сезінеді ме? Жоқ! Адасып, жол таба алмай жүр дегенге сенгім келеді. Олай болса алтын уақытымызды аямай, немқұрайдылықпен қарамай, өзіміздің қолымыздан келгенше айту керек, түсіндіру керек. Дін ауыстыру – сатқындық. Біздің өмірімізде сатқындық көбейіп кетті. Баласын тастаған аналар, отбасын басқаға ауыстырып кеткен сатқындар. Әке –шешесін тастаған тасбауыр балалар. Дінінен безгендер оп-оңай Отанын, отбасын, анасын сатып кетеді.
Жер бетінде Ислам секілді ата-баба аруағын құрметтейтін дін жоқ. О дүниелік болып кеткен туысыңның аруағына құран бағыштап, оның атына садаға беріп, қажылыққа бара аласың. Ұлт қылып жаратқан кім? Алла тағала! Ислам сол ұлттың сақталуына кепілдік беретін дін. Діннің сыртқы формасын емес, ішкі мән-мазмұнын қабылдаған жөн. Өйткені иман – жүректе. Жүрегіміз таза болсын ағайын!
Байгөзова Гүлнұр Жұмабекқызы 
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖКБ ЖД 158/1 мекемесінің
РжК бөлімінің маман - бақылаушысы.
http://www.minjust.kz
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 899 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0