[24.08.2009.] Қос мұнаралы Алла үйі келер жылы ашылуы тиіс - 24 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:19
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 715
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 24 » [24.08.2009.] Қос мұнаралы Алла үйі келер жылы ашылуы тиіс


[24.08.2009.] Қос мұнаралы Алла үйі келер жылы ашылуы тиіс
17:10
nullРесей астанасы Мәскеуде де кейінгі кездері мұсылмандардың қатары көбейіп, жұма намазында мешітке адам симай қалады. Осыны ескерген діни басқарма өкілдері Мәскеу Үкіметінің қолдауымен 2005 жылы жаңа мешіт құрылысын бастады. 
Қос мұнаралы Алла үйі келер жылы ашылуы тиіс. Марат Аршабаевтың Мәскеу Жәмиға мешітінде қызмет етіп жатқанына биыл 10 жылдан асты. Ол, мешіт жанындағы медресе директорының орынбасары және кітапхана меңгерушісі. Мешіттегі кітап қоры жылда жаңарып тұрады. Кітапханадағы оқулықтардың ең көнесі әрі ең үлкені – Құран Кәрім.Оны басып шығарған Петербор Археологиялық институтының профессоры Николай Покровский. Марат Аршабаевтың айтуынша, Ислам діні орыс ғалымдарын үнемі қызықтырып отырған. Мұсылмандықты қабылдаған ғалымдар Ресейде қазірде көп.

Марат Аршабаев, Мәскеу Жәмиға мешіті жанындағы медресе директорының орынбасары
Ресейдің көптеген атақты ғалымдары мен саясаткерлері осы мешітке келіп Құдайға құлшылық етеді. Мұндай енді мұсылмандар бүгін көрсеңіз көп болды. Бұрын ондай емес еді. Қазір мешіт толып адамдар сыртқа дейін шығып кетеді.

Мәскеу орталық мешітінің қасынан осы күнде жаңа мешіт салынып жатыр. 75 метрлік қос мұнарасы бар Мешіт 15 мың шаршы метр жерді алады. Мұнда бір мезгілде бес мың мұсылман намазға жығылатын болады. Мешіттің бас архитекторы Ілияс Тәжиев деген қазақ жігіт.

Муфтий Шейх Равиль Гайнутдин, Ресей Федерациясы Муфтилер Кеңесінің төрағасы, Ресейдің Еуропа бөлігіндегі Мұсылмандардың рухани басқармасының төрағасы
Қазақстан Мешіт құрылысына да үлкен көмек көрсетіп жатыр. Көптеген құрылыс материалдары жеткізілді. Енді Қазақстаннан Мешіт сыртына арнайы граниттер жеткізілетін болады. Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ халқы атынан бұған дейін Мәскеудегі Иса пайғамбар Храмы құрылысына да көмек көрсеткен болатын. Енді міне үлкен мешіт құрылысына да ат салысып жатыр. Алла тағала жарылқасын деймін. Мұсылмандар бұл жақсылықты ұмытпайтын болады.

Муфтий Шейх Равиль Гайнутдин Қазақстан мен Ресей мұсылмандары арасында тығыз қарым қатынас орнағанын айтады. Ресей Муфтийі қазір бізге Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов сыйлаған екі аса таяқты көрсетіп тұр. Екеуін де Муфтийі ірі діни мерекелер кезінде қолына ұстайды.

Муфтий Шейх Равиль Гайнутдин, Ресей Федерациясы Муфтилер Кеңесінің төрағасы, Ресейдің Еуропа бөлігіндегі Мұсылмандардың рухани басқармасының төрағасы
Қазақ жеріндегі менің мұсылман бауырларым мен қарындастарымды осы Қасиетті Рамазан айы мен және Ораза мейрамымен шын жүректен құттықтағым келеді. Бұл күн қуаныш, бейбіт және бақ береке күні. Алла тағала бәрімізге ден саулық, бейбіт өмір берсін деп тілеймін.
"Қазақстан РТРК"
Категориясы: ТМД жаңалықтары | Көрілді: 961 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0