[26.08.2009.] Путин Шешенстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
05:54
Путин Шешенстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айы және мұсылман жоғарғы білім ордасының ашылуымен құттықтады. Ресей үкіметінің басшысы Владимир Путин мұсылмандарды қасиетті Рамазан айының кіріп келуімен және Грозный қаласындағы Кунта Қажы атындағы Ислам университетінің ашылуымен Шешенстан халқын құттықтады деп хабарлайды Өзбекстан Ислами ақпарат каналы. Бұдан басқа Путин Шешенстанға соңғы апталарда жасалынған қанды шабуылдарға назар аударды. Ресей Бас Министрлігі баспасөз орталығынан жасалған қысқа мәлімдемеде Кадиров пен Путиннің экономикалық және әлеуметтік тақырыптарды қолға алғаны білдірілді деп хабарлайды www.trtkazakh.com
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.