[26.08.2009.] Шығыс Қазақстандағы түзету мекемесінде жаңа мешіт ашылуда
15:29
Әрбір мұсылман үшін қасиетті Рамазан айында, бүгін Өскеменнің Аблакетка кентінде орналасқан қатаң режимдегі колонияда жаңа мешіт ашылады. ҚазАқпарат тілшісіне облыстық қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының тәрбие бөлімінің қызметкері Рустам Төлегеннің хабарлауынша, бұл Шығыс Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінде орналасқан сегізінші мешіт болады. Мешіттің бүгінгі ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының имамы, құқық қорғау органдары мен әділет департаментінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ журналистер шақырылып отыр. Республиканың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде барлығы 27 мешіт пен 12 православ шіркеуі жұмыс істеуде. АСТАНА. ҚазАқпарат.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.